Массагет оқырмандарын кездесуге шақырады!

Массагет оқырмандарын кездесуге шақырады!
жеке
блог

Сәлем, достар! Келе жатқан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын! Және де тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген сайтымыздың 3 жылдығымен құттықтаймын. Біз сіздерді, яғни Массагет сайтының сүйікті оқырмандарын Алматы қаласында осы жұма күні (5 желтоқсан) өтетін Массагет қолданушыларының кешіне шақырамыз. Іс-шара Массагет ұжымы мен оқырмандарының басын қоспақ. 

Кешке келген қонақтар түрлі интеллектуалды ойынға қатысады. Сондай-ақ сіздер мен біздерді плейстейшен ойыны, кино көрсетілім, дәмді тағамдар күтеді. Алайда ұйымдастырылып жатқан кештің тура уақыты мен өтетін орны әзірге белгісіз. Ол жуырда, 1-2 күннің ішінде анықталады. Сол себептен келем деушілер сайтымызға жиі-жиі бас сұғып, барлық хабардан құлағдар болып отырса екен. Массагет қолданушыларының бас қосу кеші ақылы түрде болады. Қалтаңызда 2500 теңге болса болғаны, жетеді деп ойлаймыз. Көп рақмет. Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

Массагет ұжымының атынан