Мен сірә, ғашықпын-ау шамасы?..

Білмеймін... Соңғы уақытты біртүрлі сені көрсем жүрегім жиі соғатынды шығарды. Тіпті саған қарасам, тұңғиық қара көздеріңе батып кететін сияқтымын. Сенің жүргенің, күлгенің, сөйлегенің - бәрі де маған кереметтей көрінеді. Менің екі көзім тек сені ғана көреді. Әр айтқан сөзің маған жасалған дуа сияқты, өзіне тартады да тұрады. Тіпті, екеуміздің арамазда көзге көрінбейтін жіп бар сияқты. Мені сенен алшақ жібермейді. Иә, көзге көрінбейтін сыйқырлы жіп. Бірақ оны мен ғана көремін-ау шамасы? Сенің байқағың жоқ...

Осылай деуден қорқамын, бірақ бұл тағы жауапсыз махаббаттың синдромдарына ұқсайды. Қорқамын... Ақыры аяғында сені жек көріп кетем бе деп, қорқамын...



Бөлісу: