Шетелде білім алу мәртебелі

Мектеп табалдырығынан аттап шыққан түлекті " Енді не істеймін? Кім боламын? Қай университетке түсемін? Кім болып жұмыс істеймін? " деген сұрақтар мазалайды. Сол сұрақ арқылы болашаққа қадам ретінде оқу орнын таңдайды. Қазақстанда оқу әрине жақсы, бірақ, менің ойымша, шетелде білім алған мәртебелі.Болашақ жұмыскерге шетелде оқыған мамандығы бойынша білім мен ғылымның әлемдік байлығының қыр-сырын біліп қана қоймай, оның бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Шетелдік университеттерде зертханаларының, дәрісханаларының, кітапханаларының жабдықталуы мен электрондық ресурстарға қолжетімділіктігі ерекше қамтамасыз етілген. Шетелде оқу жастарға үлкен тәжірибе береді. Тек қана маман болып емес, адам болып қалыптасуда өмірлік тәжірибе болады. Жеке өмір сүруге үйретеді. Бастысы жауапкершілікті арттыра түседі. Студенттің шетелдегі кішкентай бір қателігі үшін күллі бір ұлттың атына кір келтіруі мүмкін. Ол жақтағы түрлі ұлт өкілдері бізден барған студентке қарап «қазақ» деген елді таниды. «Қазақстан» туралы пікір қалыптастырады. Сондықтан да ақырын жүріп, анық басу қажет болады. Оған қоса, шетелдегі өмір ой-өрісіңді кеңейтіп, жан-жақтылығыңды тереңдете түседі. Ал ең бастысы, шетелде, туған жеріңнен алыс жерде жалғыз қалсаң, көшбасшылық қасиеттерің дамиды. Өз ойыңды дәлелдеуге, одан әрі жетілдіруге, өзіңді басқаруға үйретесің.
Шетелде оқып келіп, Қазақстанға қандай пайда алып келемін деген ой туындауы мүмкін. Елге қайтып келген маман шетел тілдерін жоғары деңгейде меңгерумен, басқа мәдени ортаға араласу мүмкіндігімен, ғылыми үрдістің батыстық дағдыларын алумен, өз маманының қас шебері болумен ерекшелінеді. Оған қоса, Халықаралық компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастық құру бағытындағы жұмысқа шетелде алған білімімнің тигізер пайдасы зор. Бұл Қазақстан экономикасының дамуына үлес қоса отырып, жаңа құралдар, жобалар мен тәсілдер енгізуге мүмкіндік береді. Ал сіз қалай ойлайсыз?



Бөлісу: