Сәбина келіннің басынан кешкендері

Сәбина келіннің басынан кешкендері
жеке
блог

"Келинка Сабина" киносын көруге барған кезде бар артық ойларыңызды қалтаға салып қойыңыз, иа иа 7- арнадан сіз көріп жүрген бағдарламадағы таныс бейне болса да басқаша оймен барыңыз. Кино күлкілі, бір жағы тәрбиелік мәні бар... 

"Таңдаған тазға жолығады" деп арабтың шейхтарын армандаған Сәбина аяқ асты Жүгері ауылының келіні боп шыға келеді. Бұндай жағдайды күтпеген "келін" тек бұл ауылдан қашып кету жоспарын құрады. Интернеттен, шетелдік кинолардан көріп алғанын (Нұртастың еліктеушілігі қатты байқалады) ол өз тәжірбиесінде өткізеді. Бірақ, күндер өте оған ауыл өмірі ұнай бастайды, әрі өзінің келіндік міндетін жақсы атқара бастайды... 

Кино өте қызықты, әсіресе қала қыздарына кәдімгідей ой салған сияқты. Тіпті қалалық боп кеткен қыздарғада. Бізде қалыптасып қалған кейбір стреотиптерге басқаша көз қараспен қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақта "кіммен қарайсаң сомен ағар" деген мақалдың мәнін жақсы көрсеткен. Өмір сені бағытыңнан өзгертсе сен сол бағытта өз бақытыңды табуға міндеттісің дегендей. Әрине, тіл тақырыбы жақсы көтерліген, бірақ өзі таза қазақша сөйлей алмайтын Нұртастың бұл ісінде адамдарды кері итермелейтін ой қалыптасады. Дегенмен, комедияның аты комедия. Сондықтан тек күліп, көңіл күй көтеріп қайтуға болатын кино. 

Маған ұнағаны актерлардың барынша рольге беріліп шынайы ойнағандары. Бұрын біздің киноларда шынайылық жоқ, актерлардың тым әсерлеушілігі ұнамайды деуші едім, бұл жолғы актерларға "рақмет" айттым. Әсіресе, кемпірдің ролін сомдаған Тоғжан Таханова мен күйеу жігіт Хамидуллин Есжанға сондай риза болдым.