Талантыңды таны

Талантыңды таны
жеке
блог

«Бұл мұмкін емес»- деді Сылтау,

«Бұл – ессіздік» - деп бағалады Тәжірибе,

«Бұл – мәнсіз» - деп кесе айтты Тәкаппарлық,

«Байқап көр...» - деп сыбырлады Арман...

Кез келген арманның екі анықтамасы бар: «бар болу» және «орындалу». Алғашқысы түсінікті: «Мен пәтер алуды, жекежайды, көлікті армандаймын, ақшам көп болса екен...». бұлар көбінесе қоғамдық стереотиппен байланысты, сондықтан біз үшін бұл шеңбер методикасы аса қызық емес.

Ал «орындалу» санатындағы армандар – өте қызық дүние. Олар біздің туа біткен таланттарымызға тура сілтейді. Біз әрдайым тума ерекшеліктерімізбен армандаймыз.

Адам өз таланттарын білмеуі де мүмкін. Бірақ қасындағы біреудің өзіне таныс саладан жетістікке жетер болса, адам эмоциялық тұрғыда аса қуатты сарын сезінеді.

Мысалы, сіз теледидардан бір керемет саяхатшы туралы бағдарлама көріп отырсыз. Ол өзі барған елдер мен көзімен көрген ғажайыптар жайлы айтып жатыр. Сонда сіз іштей «қынжылуды» сезінесіз. Осы адамның орнында болсам екен деген іштей «күйзеліске ұшырайсыз». Бұл – сарын (отклик). Мұны әркім өзінше сезінеді. Бірі үшін щаттыққа толы қуаныш болса, екіншісіне арманынан ебдейсіздіктен туған өкініш пен мұң.

Не дегенмен екеуін де бір нәрсе байланыстырады – «Кім болып қалсам» деген ықылас. Бір нәрсе істесем деген талпыныс. Кейде болады, адам бір саладан мүлдем шынайы тәжірибесі болмаса да, ол туралы ойлағанда, бұл маған ұнауы керек деген сенім сезімі туындайды. Және де ол дұрыс шешім қабылдап, өзін осы салада шыңдайды. Бұлай болатын себебі, «орындалу» санатындағы армандар тікелей туа біткен таланттармен байланысты болады. Егер сіз ақша мен мансап үшін емес, ғанибет алып, шыңдалу үшін іс жасасаңыз, сеніңіз – бұл үшін сізде барлық керекті таланттар бар.

 

Моцарт пен Сальери туралы аңызды еске алайықшы. Моцарт өте дарынды адам болған. Ол өзіне күш салмай-ақ, небір шедеврлерді туындатқан. Ол жолдастарымен түннің бір уағына дейін көңіл көтеріп, содан кейінгі уақытта үйіне келіп, таңғажайып дүниелер шығарған. Ол үшін шығармашылықтың «төбесі» жоқ болды. Ол толассыз биікке секіре берді...айналасын таңғалдырды. Ол музыканы сезінді әрі ерекше қабілеті болды.

Сальери де танымалдық пен өзін мойындағандарын қалады. Ол бар күшін, ынтасын салып, жаттықты, музыка теориясын терең зерттеді. Бірақ оның мұнша еңбегіне қарамастан, оның әуендері ел қатарлы болды. Сальери Моцарттың талантын әлбетте қызғанды. Оның еш қиналмай туынды шығаратынына «қаны қайнайтын».

Бұл жерде, айдан анық, Сальеридің музыкаға деген таланты болмаған. Ол қарапайым композитор болу арқылы өнердегі өз «төбесіне» жетті. Сальеридің таланты басқа бағытта болды, бірақ оны өзі көре алмады. Себебі ол музыкаға тек атақ үшін елікті.

Сенімді болыңыз, сздің дамытуға шегі жоқ талантыңыз бар. Ал оларды табу жолын кейінірек айтармыз. Алдымен, маңызды теориялық бөлікке құлақ асыңыз.

Қанша оғаш естілсе де, біз өз таланттарымыздан қорқамыз. Өзімізді «өзімізге» толық мойындатудан қорқамыз. Құлаудан қорқамыз. Бұл тұста қоғамдық стереотипті кіналаймыз: «Жазушылар әрқашан кедей де аш жүреді», «Суретшілер табыс таба алмайды» немесе «Сахнаға шығу үшін ақша не таныс керек» дегендей.

Бірақ, айтыңызшы, Стивен Кинг пен Джоан Роулинг аш отыр ма екен? Василий Головачёв, Борис Акунин немесе Макс Фрай тиынсыз жүр ме екен? Иә, кезінде, олар үшін де ауыр кезең болған, еңбектері бағаланбаған да. Бірақ олар қорқыныш пен күмәнді жеңе білді. Олар жетістікке жетті. Тағы бір мысал. Ойлап қараңызшы, өзін-өзі сыйлайтын продюсер талантты бірақ ақша-танысы жоқ әншінің жанынан өтіп кетпейді ғой. Талантты адам үшін оның жетістікке жетуіне ешқандай да объективті себептер жоқ. Болса, онда тек оның басында ғана. «Мен тым жаспын...бастау үшін тым кәрімін!...менің тәжірибем жоқ...». Міне, сізді осылар ғана тоқтата алады. Оны бізге кім айтады? Әрине, өзіміз ғана.

Назар аударыңыз. Ең қызықты әрі маңызды сәт!

Адамдар өз таланттарын тым тұңғиық жасыратыны соншылық, ынтызарлық танытқан күнде де, талантын естеріне түсіре алмай қалады. Пенде өзінің сүйікті ісін іздеу жолында ол өзінің дарынын тіптен білмегендей сенімді болады.

(жалғасы бар...)