Аптаның үздік блогы анықталды – 8

Аптаның үздік блогы анықталды – 8
жеке
блог
Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Әдеттегідей осы аптаның жеңімпазы анықталды!

Бұл аптада алпыстан астам блог жазылып, өткен апталардағы нәтиже жақсара түсті. Блогшыларымыздың белсенділігі артып, сапалы жазбалар көбейе түсті. Бір айта кететін жәйт, бірнеше блог жақсы талқыға түсіп, пікір тудыра білді. Алайда дәл сол жазбалар көрілім жағынан өзге блогтардан төмендеу болды. Сол себепті, біз оларды үміткерлікке қосқан жоқпыз.
Атап айтқанда:
Аяжан Сыдықованың "Отбасым""Өмір" блогтары;
jannur talasbayeva есімді қолданушының "Ана тілім - ардағым" блогы;
Аружан Ерғалидің "Қазіргі жастар мәдениетті ме?" блогы;
Мөлдір Айсауытованың "Қыз баланың тәрбиесі"  блогы;

Ал, енді аптаның үздік блогына үміткерлерге кезек берейік:

Ықылас Тұрсынбекұлы: "Түркия жайлы 4 жағымды, 4 жағымсыз дерек" (Жолдас Өрісбаев, Шерхан Талап, Ернар Алмабек)
Аслан Есалин: "Қазақстанда ағылшын тілін оқыту деңгейі қандай?" (Еркебұлан Сатқанбаев, Өмірбек Сансызбай)
Әсел Құрман: "Бақытты 500 теңге немесе Iphone - 31"  (Ербол Молдажанов, Мейіржан Әуелхан, Мейіргүл Оңғарова, Бауыржан Жақсымбет, Фариза Әбілова, Нұрбол Нұрмаханұлы)

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Байқау қорытындысында Әсел Құрманның "Бақытты 500 теңге немесе Iphone - 31"  блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Әселді келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқауға қатысушылардың назарына! Байқаудың бітуіне бір апта қалды. Сіздердің әлі де қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.

Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...»  блогы.

Төртінші аптаның үздік блогы – Досхан Жылқыбайдың "Үшінші күз" блогы.

Бесінші аптаның үздік блогы - Абылай Есімбай "Жастай" кеткен жігіт блогы.

Алтыншы аптаның үздік блогы - Марғұлан Ақанның "Иесіз хат" блогы.

Жетінші аптаның ұздік блогы -  Сыр қызының "Тіршілік оған риза сол бір ән үшін!" блогы.

Сурет: ohspublishing.com