Астананың сәулет өнерінің әр түрлі бейнелері

Астананың сәулет өнерінің әр түрлі бейнелері
жеке
блог

Әрқашан гүлдене беретін және қатты желімен адамды құлатып жібере алатын елордамыз Астанаға он үш жыл бұрын көшіп келдім. Осы жылдар бойы Астанадағы сәулет өнерінің жылдам дамығанына куә болдым. Есіл өзенінің сол жағалауы басқа бір дүние бөлігіндей болып өзгерді.

Осы блог арқылы мен Астананың әр түрлі бейнелерін көрсеткім келеді. Мысалы, төмендегі фотосуретте бейнеленгендей Назарбаев Университетінің ғимаратына қарасақ, ол Диснейдің "Аладдин" мультфильміндегі көрсетілген хан сарайына ұқсайды. 

Назарбаев Университеті

Ал келесі фотосуреттен сіздер "Бэтмен" кинофильмінен көргендеріңіздей Астананың "Готем" қаласына ұқсайтындығын тамашалай аласыздар.

Готем

Ал төмендегі суреттен елордамыздың "Хазірет Сұлтан" орталық мешітінің алдында екі жастың отау құру сәтін көре аласыз. Бұл атақты араб ертегісі "Мың бір түннің" керемет үзіндісін еске салады.

Хазрет Сұлтан

Кейде қаламыз Тұманды альбионның астанасы Лондонның жаңбырлы күндеріне ұқсап кетеді. Мына суреттен сіздер Астанада орналасқан Британдық стильдегі тұрғын үй кешенін тамашалай аласыздар.

Лондон

Қаламызды көркейтетін гүл тәрізді орнатылған жарық шамдары да әдемі көрінеді. Бәрі де Астанамыздың гүлденуіне үлес қосып тұрғандай.

Гүлдер

Гүлдене бер, Астана!