Ата-анаңның қал-жағдайы қалай?...

Бүгінгі істеген жұмыстар тізіміне қарап отырып, күн өте нәтижелі болды деп айтуға болады. Ойлағанымдай барлық нәрсеге де үлгердім: профессормен кездестім, ақылдастым, түскі асымды ішіп үй тапсырмасын жасап та үлгердім. Бірақ, анама телефон соғу үшінші күнге қалып отыр. Өйткені, менде бәрі жақсы, айтарлықтай жаңалықтарым да жоқ. Егер балалары ата-аналарына қоңырау шалмаса, балаларының жағдайы жақсы деген сөз. Бірақ, осы өмірде ата-аналарымызға біздің жеткен жетістіктеріміз бен нәтижелеріміз қатты маңызды емес, жай ғана телефон сымынан біздің даусымызды есту олар үшін жеткілікті екенін көпшілігіміз ұмытып жатамыз...



Бөлісу: