«Хабар» телеарнасы «Дүлдүлдер додасын» бастайды

«Хабар» телеарнасы «Дүлдүлдер додасын» бастайды
жеке
блог

«Хабар» телеарнасы «Ду-думан.Дүлдүлдер додасы» атты ойын-сауықтық бағдарламасының екінші маусымын ашық деп жариялайды. Жаңа маусым әзіл-сықақ және сатира мерекесіне айналмақ.

       Жоба мақсаты – мемлекеттік қазақ тілі мен сахна тілінің дамуына үлес қосу. Жоба авторларының айтуы бойынша «Ду-думан» көрермендерді отандық әзіл-сықақ театрларыының өнерімен таныстырады. Жоба барысында қатысушы театрлар қазақы әрі тұрмыстық әзілдерді жандандырып, ұлттық брендке айналдырады.

      Телеарнаның 2013 жылғы ең жоғарғы рейтингті бағдарламасы халықты жаңа қырларымен таң қалдырмақ. Елімізге танымал ең үздік әзіл-сықақ отаулары: «Өнер қырандары», «Күлкістан», «Екі езу», «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театрлары «ең үздік» деп танылу үшін сайысқа түседі. Көп жылдан бері бұл әртістер өмірді әдемі әзілге теңеп, халықты күлдіруге тырысуда. Осы жылдар бойы көрермендер бұл әзілдерді бағалап, ұйымдастырған кештерінен қалмай, күлкіге қарқ болып келеді.

    Қатысушылардың әзілге деген шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасының қатарында «Шаншар» театрының жетекшісі Уәлибек Әбдрайымов  пен танымал әзіл-сықақ актері Алмат Сақатов болса, үшінші алқа мүшесі арнайы шақырылған қонақ. Сонымен қатар, студия көрермендері де қойылымға өз дауыс беру мүмкіндіктеріне ие.  11 бағдарламадан кейін жеңімпаз театр,  бас жүлде – микроавтобус мінеді.

     Бұл көңілді думан, сіз көрген бағдарламалардан өзгеше... Жеңімпаз атану үшін үлкен сынақтан өту керек. Алдын-ала дайындалған қойылым болмайды. Үміткерлерге күнделікті өмірдегі оқиағаларға қатысты тапсырмалар беріледі. Одан бөлек елімізге танымал тұлғалармен скетч ойнау мүмкіндігі бар. Күлкілі образдар, әдемі әзілдер, миниатюра, пародиялар мен әсем әндер сіздерді күтеді. 

      Қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Айгүл Иманбаева, Жеңіс Ысқақова, Нұрлан Абдуллин, Қайрат Баекенов, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы, Айқын Төлепберген, Нұрлан Албан, Қарақат Әбілдина сияқты өнер жұлдыздары бар.

   Бағдарлама жүргізушілері: танымал әзіл-сықақ актері, тележүргізуші Жанатбек Бәйтеков пен актриса Айнұр Ілиясова

    Хабар телеарнасында, әр жексенбі, сағат 20.00-де тамашалаңыздар!!!