Мен суши мен кимпабты қатты жақсы көрем. Бірақ, интернеттен сушидан көп адамның зардап шегетінін естігелі бір де бір рет суши жемедім. Әйтпесе, суши жасайтын жерлерді тоздыратынның бірі мен едім. Бар мәселе оның ішіне шикі балық салатынында. Ал шикі балықта небір құрттар бар екен. Ал, кимпабта өзің не қалайсың соны салуға болады. Бастысы бәрін пісіріп аласың.
Керек заттар:
Бамбук кілемшесі (250-300 тг тұрады базарда) Нори жапырағы (қалыңдауы дұрыс дейді Монти) күріш жұмыртқа 2 штук краб таяқшасы (бірақ мен қоспадым), қияр 1 штук, тұз, сумай, колбаса (қуырып алған жақсы) немесе фарш (қуырып, пісіріп аласыз ғой)
Күрішті суға пісіріп алыңыз 1 шыны күріш біраз болады. Колбасаны ұзынынан кесіп, мен майға бір рет қуырып алдым. Екі жұмыртқаны алып, ағы мен сарысын араластырып кішкене тұз салып қуырып алдым.
Дайын болған кимпабтарды турап соя соуысына матырып жесе дәмі күшті болады. Көк шәй мен бал қосып берсеңіз күшті болады. Толығырақ мына сайттан да қарауға болады.