Джолидің баласы....

Джолидің баласы....
жеке
блог

Ана мен баланың арасындағы дүние,ол өшпес махаббаттан да биік тұратын сезім.Осыдан 2 күн бұрын «подмена» атты кино көрдім, ол 2008 жылы шыққан атақты А.Джоли басты кейіпкердің рөлін сомдайды. Жалпы кино қарапайым ана мен баласының бір-бірін жақсы көруі, күнделікті бір шаруаның қайталануы мен басталады.Маған негізі ұнаған жерлері айтып өтсем, басты рөлдегі ананың ойнау шеберлігі және режиссердің айтқысы келген ойларды халықтың ойына өте жағымды әсермен жағымсыз әсерді қосып берген.Баланың жоғалып кеткендегі ананың сезімі жан түршігерлік керемет суреттелген.(Баласын полиция қызметкерлері табады, бірақ оның баласы емес болып шығады.Яғни басқа баланы алып келеді.)Тағдырдың тауқыметі басына түссе де ана жүрегі баласын іздеуін тоқтатпай, белгілі бір дәрежелі үкімет өкімет орнына қарсы шығып қайсарлық танытады. Маған ұнамаған жерлері, жоғалған баланның образын аша алмады, дегенмен кино қайсар айел жайлы болғанымен балаға да көңіл аударылуы тиіс еді.Және көшедегі ойнап жүрген кішкене бөбектері алып қашқан кинодағы жағымсыз кейіпкердің рөлді аша алуы бірақта өзінің түсініксіз әрекеттері маған қызық көрінді.Кинодағы айтып кеттер жайыт, ол барлық жағынан костюм, сол заманғы мәдиниет, үйлер және ғимараттар өте әсем түсірілген. Психологиялық менің түйгенім, адам қандай жағдай болмасын адамгершілік қалпын сақтап, отырған белгілі дәрежесін абыроймен атқарып, басыңа түскен қайғыны жеңіп шығуға, бастысы анаңның саған деген махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес, қандай жағдай болмасын үйде сені күтіп отырған адам бар екенін ұмытпау- ол адам сенің анаң.Достарым ана деген қасиетті ұғымды және аналарыңды аялап, сыйлап жүріңдер.Анаңды жақсы көр, оны еш ренжітпе.Айтпақшы кино қалай аяқталды десеңіз, осы киноны көруге кеңес беремін, еш өкінбейсіздер