Өзіңді және өміріңді өзгерткің келе ме?

Өзіңді және өміріңді өзгерткің келе ме?
жеке
блог

Адам тек жақсылыққа ұмтылып, жақсы әрекет жасауға ұмтылуы қажет. Бірақ көпшілік қауым өзінің кейбір «кішкентай» кемшіліктерінің әсерінен бір орында қалып қояды. Мұндай жағдайда біз өзімізді, өмірімізді өзгертуге біршама қадам жасай бастаймыз. Осы тақырыпты зерттеуде мен де бірнеше қызықты мәліметтер жинадым.

Адам өзін өзгертсе, оның өмірі де түбегейлі өзгереді. Оның көзқарасы, талғамы, ой-өрісі толығымен де өзгере түседі.

Ең бірінші білгенім, өзіңді 90 күнде өзгертуге арналған 60 жолы бар екен.( http://litlbetr.ru/razvitie-sposobnostey/neskolko-prostykh-sposobov-kak-izmenit-svoyu-zhizn-kak-izmenit-sebya-za-90-dnej.html (сілтемесі арқылы таныса аласыздар). Және бұл «ең қарапайым» жолдары болып табылады екен.

Одан кейінгі жолы – баршамыз көп еститін, көп білетін, бірақ баршамыз қолданысқа енгізе бермейтін – психологиялық жол. Иә, көпшілігіміз психологтарға баруға жүрексінеміз бе, әлде ұяламыз ба, әйтеуір, елімізде психологтардың беделі асып жатқаны шамалы.

вапукп Өзіңді өзгертудің ең үздік жолы – психология,  мистика немесе тренингтер емес, тұлғалық стратегия  жолымен өзгеру жобасы. Бұл жоба

-         Өміріңізді алға қарай жылжытуға;

-         Тұлғалық стратегия құралдарымен жұмыс жасауға;

-         Шынайы нәтиже беруге көмек көрсетеді.

 

 

Ол үшін ең басты қадам:

пно

  • Жаңа өмірдің барлық нұсқалары мен басты мақсаттарыңызды анықтап алыңыз;
  • Жаңа өмір туралы нақты шешім қабылдаңыз;
  • Практикалық және шынайы жаңа өмір бастау;

Жоспар  =>   Әрекет  =>    Нәтиже

Әрекеттің қадамдық жоспары => Өміріңіздің маңызды аймақтары =>  Толыққанды өміріңіздегі өзгеріс

Қанша уақыт қажет?

чпьто

Өміріңізді өзгертуге арналған жобаға күніне 10 минут бөлсеңіз де жеткілікті.

-         Уақытыңыздың жалпы инвестициясы мен күш жұмсағаныңыз – мектептегі бір пәнге кеткенмен бірдей.

-         Жоғалтқан уақытыңыз азды-көпті өміріңізде эффективті түрде өзгеріс алып келумен ақталмақ.

-         Бірақ негізгі нәтиже – уақыт емес, өміріңіздегі өзгеріс екенін ұмытпаңыз.

Бірақ кейбір адамдар уақыт кетіргісі де, ештеңені өзгерткілері де келмейді. Сол себепті нақты нені қалайтыныңызды анықтап алыңыз:

+ Иә, мен өмірімді өзгерткім келеді. Және бұған уақыт керектігін де білемін.

-         Жоқ, шындығында мен ештеңені де өзгерткім келмейді. Жай ғана ғаламторда шарлап отырмын.

Кейбір адамдар өзін өзгерту үшін, сырт келбетін, киіну стилін, шаш үлгісін өзгертіп жатады. Мұның біраз көмегі де бар. Бұл – менің ойымша, өзіңізге деген сенімділікті үдете түседі.

Бірақ ең қарапайым жол ретінде, мен өз басым өзіндік ішкі ойлау жүйесін атар ем. Адам ойы – ұшқыр. Ой тау-тасты қопара да, суды тасыта да, айналаны гүлдендіре де алады. Ұлы бабамыз да айтқандай «өзіңесен, өзіңді алып шығар»... Дұрыс ойлау жүйесі, орысшалап айтар болсақ, «позитивті» ойлау көп нәрсеге қол жеткізеді. Мәселен, біз жақсылықты ойлай жүрсек, көңіл-күйіміз де көтерілер еді, осыдан жүзіміз де ажарлана түспек. Ажарлы адам кез келген іске зор ынтамен кіріспек.

P.S. Тақырып сіздерге оңынан пайдалы болады деп ойлаймын.

вапру