Ол менің досым ғой

Ол менің досым ғой
жеке
блог

Бақыт сыйлап баршаға, Үміт жағып көңілге

Қарашаның 11-і Мақпал келді өмірге

 

Жақсы оқушы болды өзі, кіп кішкентай шақтардан,

Әнеу аппақ квадрат боп күліп тұрған Мақпалжан

Білімді де сауатты, танитын нүкте үтірді

11 жыл оқып  Мақпалжан мектепті үздік бітірді

 

Білім қуып армандап, ИнЯз-ды жөн көрді

Араб, Қытай  тілдерін өте жетік меңгерді.

 Өз пайдасын білетін, жібермеген ұпайды,

Білім қуған жас талап бағындырды қытайды

 

Көмек қолын созуға қашан-дағы әзір ол,

Білім берген жастарға аяулы ұстаз қазір ол

 

Бара қалса ауылға өткізбей бекер бір күнін

Қатырады Бұл Мақа, ауылдың бар тірлігін

Өзі сондай өнерлі, білікті мыңды жеңеді,

Осы қыздың қолынан расында бәрі келеді

Жолығады ау бұл ару қай жігіттің бағына

Бес саусақтан бал тамған керемет аспаз  тағы да

Қиялға ерген бұзық қыз,

Мақам менің қызық қыз

Табиғатты, тастарды, ол сүйеді аспанды

Әр нәрседен сыр ұғып

тауып алды сұлулық,

Таудай биік талабы

Атқа мықты шабады

Осы оның әдеті ай

Ал.. жігіттер...налетай

 

 

Туған күніңмен Жарығым!!!