"Жасанды сұлулық"

"Жасанды сұлулық"
жеке
блог

«Қызға әсемдік жарасады» демей ме... Қазақ қашанда қызын гүлге теңеп, әсемдік пен сұлулықтың, ақылдылық пен тәрбиеліктің ғажап бейнесі деп бағалайды.

сулу

Бірақ қазірде «жасанды» сұлулықтың етек ала бастаған шағы. Иә, ойыңыз дәл, менің айтып отырғаным – қыздарымыздың «make-up» арқылы «керемет сұлу» атануы! «Әсемдік, сұлулық» сөздерін тым асыра сілтемелі мағынасында қолданамыз.

Менің анам – педогог. Бойжете бастаған шағымда үнемі құлағыма құйып отыратын: «Қыз бала өзіне қарап жүруі керек. Ертеде мұсылман әйелдері де – қынамен қас бояп, қасын жұлған да. Себебі, бұл – сүннет». Иә, кейде бұл сөздердің растығына да көнесің. Әдебиетіміздегі көркем туындылардан да оқып-біліп жатырмыз. Мәселен, «жіңішке қара қаламмен сызылған, қиылған қасы, шиедей ерін» деген сияқты түрлі тіркестер мен теңеулерді кездестірдік.

Десек те, бұл айтылғанның барлығы, жалпақ тілмен айтар болсақ, «ескі кезеңде».

Айтпасқа тағы болмайды. Күнделікті өмірде де баттастырып бояп алатындары...

Соңғы кездері мұны әзілге де айналдырып жатқандары бар. Біз білетін Тұрсынбек Қабатовтың: «Кеше мен жүрген қыз қайда кеткен?» деп күлдіргені де бар.

Тіпті, әндер де шықты емес пе?! «Құлағында сырғасы – дөңгелегі арбаның...» деген жолдар есімде. Жалпы әндердің мағынасы, «қалың бояумен» қалың жұртты жылтыраққа қызықтырып алады.

Досымның әңгімесіне сенбеген едім, бірақ ақыры шындық болып шықты (мемлекеті, аты-жөндері, т.б. нақты деректер есімде сақталмапты). Боянып, «аса сұлу» болған қыз бір бай бағланға осы сұлулығының арқасында тұрмысқа шығыпты. Арада балалары да туады. Бірақ уақыт өте келе, жігіт балаларының ұсқынсыз болып өсіп келе жатқанын байқайды. Ақыры соңында, әйелінің шынайы бейнесін көрген ол, соттасып, балаларына алимент төлеуден бас тартыпты. Яғни, моральдық тұрғыдан зардап шеккені үшін.

вапреа

Осы тақырыпты зерттеу барысында 7 арна визажисті Айгүл Ибрагимованың сұхбатын оқып шықтым. (http://aikarakoz.kz/%D0%B2%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D0%B6%D0%B8%D1%81%D1%82-%D0%B1%D0%BE%D1%8F%D0%BD%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D3%99%D0%B9%D0%B5%D0%BB-%D0%BC%D2%B1%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%BD-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5-%D0%B6%D2%AF%D1%80/) сілтемесі арқылы оқи аласыздар.

Оның айтуынша, боянып жүрген дұрыс, бірақ уақытқа сай (мәселен, таңертең кешкі макияж жасамау) боянып, одан кейін дұрыс күтіну қажет.

Кейде көшеден көрген кей қыздарымыздың ажарын көріп, оның жас шамасын да анықтай алмай қаламыз.

Қыздарға мүлдем боянбасын демеймін. Тек мөлшермен, жеткілікті түрдк бояу жағу керек деп ойламын.

Әлемге, Қазақстанға танымал тұлғаларды макияжсыз көрсек, жағадан ұстап, «сұлулық үлгісінің» дәл өзіне тәнті боламыз.

пон

Бір жағынан, рас, макияж – сұлу ете түседі. Сонда да, жігіттер қауымынан аздап «реніш» естіп жатқанымыз да бар.

пролвпол

Бояну да, бояндыру да – өзінше бір ғылым. Оның да қыр-сыры, біз біле бермейтін ереже-заңдылықтары бар екен. Бұл ережелерді, қыздар қауымы, қажет деп тапсаңыздар, жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы біле аласыздар.

P.S. Дегенмен де, соңғы уақыттары «шынайы сұлулық – модада!». Көп қыздар боянуды азайтып (тек мерекелік кештерде ғана), шаш өсіріп, тырнақты да қысқартқанын байқай аламыз.