Жастар ұйымдарының ұрпақтар сабақтастығы

 

22 қазан мен 10 қараша аралығында «Балдәурен» РОСО өзін-өзі басқару мектеп органдары белсенділері мен көшбасшыларын жинайтын «Көшбасшы бастамасы» өзін-өзі басқару мектеп органдары көшбасшыларының Республикалық жиыны өтіп жатыр.

Аталған тақырыптағы ауысым балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін жандандыру, мектептің өзін-өзі басқару органдарының көшбасшыларының бірыңғай қарым-қатыс және өзара әрекет алаңын құру мақсатында ұйымдастырылды.

Жуырда жас көшбасшылар «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Өркениетті Қазақстан туралы ойласам...» тақырыбындағы дөңгелек үстел қызу пікір сайысқа толы болды өтті. «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Жүнісова бастаған жас мамандар, әр аймақтан келген жас көшбасшылар балалардың қойған өткір сауалдарына салмақты жауап берді.

«Кеңес орталығының» кеңесшісі Сымбат Үсен осыдан он жыл бұрын «Балдәурен» РОСО-нда демалғанын еске алды. Он жыл ішінде Орталықтың қаншалықты өркендеп өскеніне таң қалғанын жасырмады. Өз сөзінде ол: «Сіздер де, жас көшбасшылар, он-он бес жыл өткен соң осы сахнада белсенді әрі дарынды балалардың алдында сөз сөйлеп, естеліктеріңізбен бөлісіп, жетістіктеріңізді мақтаныш етер дәрежеге көтеріліңіздер», - деген тілегін білдірді.

 «Жас Отан» Жастар қанаты - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған әлеуметтік ұйым. Ұйым мүшелері – болашақ партия мүшелері, келешектегі елдің көшбасшылары. Бір сөзбен айтқанда, Елбасының ұстанған саясатын жалғастырушы, алға сүйреуші ұлы күш. Бүгінгі жиында бас қосқан балалар мен жасөспірімдер сол қозғаушы ұлы күштің алғашқы баспалдығында тұрсыздар. Көп ұзамай сіздермен бір қатарға тұрып, болашаққа қарай бірге нық қадам басамыз деген сенімдеміз», - деп жастар өз ойлары мен тілектерін жеткізді.

Жас балдәурендіктер де олардың алдағы істеріне жетістіктер мен сәттіліктер тіледі. 



Бөлісу: