Ақылдыға санар ма едіңіз?

Ақылдыға санар ма едіңіз?
жеке
блог

Иә, бұл жаңалықты сіз де естіген боларсыз.

ҚазАқпараттың кешегі мәлімдемесін оқып, жаным түршігіп кетті.

 Франкфурттық  17 жасар бозбала Марсель Фрике селфи жасау үшін оң қолын пластикалық хирургияның көмегімен 38 см-ге ұзартқаны адамдық намысымды қоздырды. Жүрек түбіндегі белгісіз бір нәрсе толқын тудырып, әлгі адамсымаққа ашуымды тудырды.

Бұған не себеп екенін өзім де білмеймін.Тіптен осы блокты жазғым келді, бірақ аузыма сөз түспей отыр.

Мен ол бозбаланы ақылсыздар тізіміне қосар едім, маған құзірет берілсе. Санасында ақыл-ойдың титтей де сәулесі бар адам селфи жасау үшін табиғаттың заңдылығын бұзып, осындай әрекетке бара ма?

"Битке өкпелеп тонын отқа өртеген" қазақтан да асып түсті-ау бұл бозбалаң.

Ал сіз мен ақылсызға санағанды ақылдыға санар ма едіңіз?