5000 теңге
блог
Біреулер үшін бұл ақша санаулы секундтарда табылып жатыр, біріміз болсақ қат кезінде таба алмай жүрміз. Біреулер болса санаулы секундтарда бұл ақшаны құр босқа шашуда, біріміз болсақ жер тамағымызға яки дәрі үшін таба алмай тентіреп жүрміз.... Төмендегі қос мысал бұл ақшаның біздің өмірімізде қаншалықты қажетті болатындығын айғақтайды... .
5000 ТЕҢГЕ
Менің үйімнің подъезінде 5-қабатта бір кемпір тұрады. Оның ері 5 жыл алдын өмірден өткен болатын.
2 жыл алдын болса оның қызы және күйеу баласы балаларымен аварияға ұшырып қайтыс болған еді.
Дүкеннен қайтарда, подъездіміздің есігіне жабыстырылған хабарламаға көзім түсті. Бір жапырақ қағазға ручкамен жазылған екен:
«5000 теңге жоғалтып алдым. Кім тауып алса қайтарып берсін.
76-пәтерге, Өтініш. Зейнетақым аз, нан сатып алуға ақшам жоқ.»
76-пәтерде сол кемпір тұратын. Қалтамнан 5000 теңге алдымда 5-қабатқа көтеріліп кеттім.
Кемпірге ақша ұсынғанымда ол жылап жіберді:
- Сен 12-інші адам боласың, маған ақша алып келген.Рахмет балам.
Мен лифтке бет алдым. Соңымнан болса кемпір:
- Балам, көшедегі хабарламаны алып тасташы, оны мен жазбаған едім.
Кемпір орнында тұрып еңкілдеп жылап жатты.
Адамдардың жүрегінің жұмсақтығы және жақсылықты, мейірімді көруі маған қатты тәсір етті. Көңілім босап кетті... .
ЖҰМЫСЫҢ БОЛМАСЫН!
Бір күні бір кісі жұмыстан кеш қайтты. Әдеттегінші шаршаған, жүйкесі шаршаған еді..
Есік босағасында 5 жастағы ұлы күтіп тұрған болатын.
- Әкетай, сізден бір нәрсе сұрамақшы едім ?
- Сұрай бер.. не болды ?
- Әкетай… сіз қанша ақша табасыз ?
- Бұл сенің шаруаң емес! – ашуға булықты әкесі. – Саған неге керек өзі ?
- Жай, білгім келді. Айтыңызшы ? Сағатына қанша ақша аласыз ?
- 5000 тенге, не еді ?
- Әкетай – ұл әкесінің басынан аяғына дейін бір шолып шығып - Әке, маған 3000 тенге бере аласызба ?
- Болмайтын ойыншық үшін меннен және ақша сұрап отырсың ба?-айқайға басты әкесі – Тез бөлмеңе барда, ұйықта! Тез!
Мұншалықты ығыр болма сен бала, мен күні бойы жұмыста болсам, шаршасам, сен болсаң…
Балақай үнсіз ғана бөлмесіне кетті және есігін жауып алды. Ұлының өтінішінен әке босағада ашуға булығып тұрды.
Қалай батылы барды екен менің жалақыма қызығып, және ұялмай ақша сұрауын. Азғана уақыттан соң әке сабырға келіп, басы істей бастады:
Мүмкін ұлыма шынындада бір нәрсе қажетпе екен, осы уақытқа дейін ол меннен ақша сұрамаған еді ғой.
Көзі құрысын сол 3000 тенгенің.
Әке ұлының бөлмесіне кіргенде, ұлы төсекте жатыр еді.
- ұйықтамадыңба балам ?- сұрады ол.
- Жоқ әке, жай жатырмын-деді баласы.
- Балам, менің ашуым келіп қалды-деді әке- бүгін жұмыстан шаршап келген едім, сол үшінде өзімді ұстай алмадым.
Мә, сен сұраған ақша, алағой.
- Балақай төсегіне отырып алып езу тартты.
- Рахмет, әкетай- қуаныштан көздері бал бұл жанды.
Кейін жастығын аударып, астынан әбден тозығы жеткен умаждалған ақшаны алды. Әке ұлында ақша бар екендігін көріп және ашуланып кетті. Балақай болса кішкене қолдарымен ақшаны жинастырып амалдап санап шықтыда, әкесіне қарады.
-Ақшаң бар екен, неге меннен сұрадың және-тоңқ етті әке.
-Ақшам жетпегенінен,енді анық жетеді-жауап берді балақай.
- Әкетай, менде 5000 тенге болды. Енді сіздің бір сағат жұмыс уақытыңызды сатып алсам болады ма ? Жан әке, ертең жұмыстан ертерек келші, бізбенен үйде бірге тамақтанғаныңызды қалаймын.