Шымкент қаласының жастары белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханмен кездесті.

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласының жастары белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханмен «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңында кездесті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ төрағасының 1-ші орынбасары Алмасбек Мамытбеков, облыстық мәслихат депутаты Оңалбай Аяшев, жастар ұйымдарының басшылары, «Жас Отан» ЖҚ бастауыш бөлімшелерінің атқарушы хатшылары және 400-ге жуық студент жастар қатысты.

«Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға!» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңдарындағы кездесулердің негізгі мақсаты – «Рухы мықты жастардың, елімізді дамытуға және гүлдендіруге өз үлесін қосуға дайын, жауакершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу. Патриотизмнің негізін қалаушы осы құндылықтар рухында жастарды өсіру әрқашан Қазақстанның сәтті дамуы мен гүлденуінің кепілі болуына жағдай жасау болып табылады.

Кездесуде Бекболат Тілеухан өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып тәрбиелік мәні бар әңгіме құрады. Жастарға «Тәуелсіздік», «Отан», «Отбасы», «Мемлекетшілдік», «Салт-дәстүр» құндылықтарын насихаттады.

Кездесуде жастар, Бекболат Тілеуханның «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымды қастерлеп, оның жарқын болуы үшін аянбай еңбек етуге шақырған сөзімен келісті.

Бекболат Тілеухан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі ең мықты, көреген саясаткерлердің қатарында екендігін жастарға айтты. Елбасының бастамасымен ауқымды экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалардың жүргізілгендігін айтты. Қытай Халықтық Республикасымен Қазақстан Республикасының шекарасының делимитациялаған жалғыз мемлекет екенінің өзі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың cаяси тұлғалылығымен байланыстырды.

Бекболат Тілеухан ұлттық спортымызды дамыту, ұлттық рухымызды дамыту екенін айтты. Жастарды бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.

Бекболат ағаға риза болған жастар, ел ағасына арнау жариялады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы, Талғат Есжан: 

 

Бекболат аға сөзіңнің оты жалын,

Сезіп жүрсің еліңнің от ызғарын.

Ақиқатын Алаштың бетіне айтып,

Жүрегіне от жақтың отыздардың.

 

Ұйый білді сөзіңе атырабым,

Дамыл қақбай жүректе жатыр әнің.

Әрбір айтқан сөзінің астарында

Бір шаңырақ астына шақырады.

 

Сымбат сөзбен әрлеп алып көркіңді,

Ән туғыздың, орын тауып ел сіңді.

Қамын айттың болашақтың, қазақтың,

Нұр ағаның Махамбеті сен сынды.

 

Айтып өттім, жазып өттім аз  екпін,

Мүмкін жұртты төрт қатармен мәз еттім.

Елдің базын, жұрттың назын айтатын,

Сіздей аға көп болсыншы демекпін.

 

Арнау өлең, сіздің ізден тіл алғыш,

Жалғас тауып осы бір сәт, жыр алғыс.

Ел қамын ойлағаның үшін,

бір сөзден тайймағаның үшін.

Дәстүрді сыйлағаның үшін;

Біздерге нар болғаның үшін,

Қазақта бар болғаның үшін,

Мың алғыс!



Бөлісу: