Мен оны әліде сүйемін....

Менің алғашқы махаббатым  Азамат еді...мен оны қатты жақсы көрдім екеуміз 1 жыл жүрдік...ол маған үйленейікші деп ұсыныс жасады әрине қуандым бірақ алдымда күйеуге шықпаған апам бар еді. Мен оған күт дедім сонын үстінде ұрысып қалдық, 1 аптадай сөйлеспей қойдық кейін дос балдарынан ол үйленеді деп естідім басында сенген жоқпын кейін суреттерін көрдім сол сәтте қатты қиналдым ол күтпеді түндерім жылаумен өтті. Міне олардың үйленгендеріне 4 ай болған еді мен оны ұмыттым деп ойлап едім..бір күні маған таныс номер соқты онын даусын естігенімде түсіндім алғашқы махаббатты ұмыта алмайды екенсің. Ол менен кешірім сұрап қателік жасадым деп қайта қосылайық , мен әйелім мен ажырасамын деп айтты...мен оған мен сені әліде сүйемін бірақ әйелін мен бақытты бол енді мені мазалама дедім бірақ ол менің айтқандарыма еш мән бермей алі арттымнан қалмай жүр...жақында онын ажырасқанын естідім енді ол күнде тел соғып жур не істерімді білмей жүрмін . Ұмытайын десемде ұмыта алмаймын.



Бөлісу: