ҚазҰУ-ға түскің келсе...

ҚазҰУ-ға түскің келсе…

      Мен қоғамдық көліктердің бірінде келе жатқан кезімде құлағым екі мектеп оқушысының әңгімесін шалып қалды. Әңгімелерінің мәнісіне терең батып 11 сынып оқушылары екен деп шештім. Жо-жоқ, мен қоғамдық көліктерде елдің әңгімесін тыңдамаймын. Бұл екі қыздың әңгімесіне назар салуымның себебі әңгімелері арасына әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін қосып жатты. Алдағы ҰБТ-ны сәтті тапсыруды ойлап, ҚазҰУ-ға түсуді мақсат тұтады екен олар. Алайда, балл жоғары жүреді деп көңілдері түсіп кетіп тұрды. Екі қыздың бірі филология факультетіне түсуді армандайды екен. Әдебиетке деген қызығушылығын құрбысына айтып, ойымен бөлісіп жатты. Екіншісі заң факультетіне түскісі келеді екен.

     Көпке арман әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсу үшін пәлендей керемет ережелер жоқ. Ең бастысы, бұл университетке деген шексіз махаббат. Мен мақтанғаным емес, Елбасы қоры ұйымдастырған олимпиададан жүлделі орындардың бірін алып грант иегері атандым. Мамандығым – педагог болатын. Алайда, мен гранттан бас тартып арманым болған ҚазҰУ-ға, журналистика факультетіне түстім. Бұл университет менің махаббатым, бала күннен бергі арманым болатын. Сондықтан, ҚазҰУ-ға түсем десең оны шын сүйіп, шексіз арманда. Себебі, ҚазҰУ – армандарды орындай алатын киелі оқу орны!



Бөлісу: