Ұлы Абайдың тегі (фамилиясы) кім?

Ұлы Абайдың тегі (фамилиясы) кім?

      Бәріне белгілі Абай – қазақтың классикалық әдебиетінің атасы. Ахмет ағамыз айтқандай қазақтың бас ақыны. Мектепте немесе басқа да кездерде Абай туралы шығарма жазу тапсырылса біз бірден Абай 1845 жылы дүниеге келген деп бастаймыз да 1904 жылы халық мұңын айтумен дүниеден өткен деп аяқтайтынбыз. Әрине, 10 шығармадан 2 шығарма ғана әркез Абайды суреттеп, көркем жазылған болып шығады. Ұлы ақынымыздың өмір тарихын бәріміз жақсы білеміз. Өлеңдерін сүйіп оқитынымыз да белгілі. Бірақ сіз Абайдың тегі қандай, білезіз бе? Қай кітапта болсын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы деп жазылып тұрады.

      Қарапайым мысал, төлқұжаттарда Тегі, Аты, Әкесінің аты деген жазулар тұрады. Мысалы, Беласар Гүлжанат Орынбайқызы. Әрине, кей төлқұжаттарда Тегін толтырмайтындар да бар. Мысалы Бауыржан Қадылжанұлы дегендей. Абай да дәл солай. Жо-жоқ, мен оның төқұжатында солай деп отырғаным жоқ. Бұрынғы ақын – жазушыларымызда тегі айтылмай әкесінің ғана аты аталып отырады. Мәселен, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы дегендей. Ал Мұхтар Омарханұлы Әуезов ше? Тегі, Аты, Әкесінің аты аталған. Толық. Мен өзімше жаңалық ашып, Абайды осылай атаңдар демеймін. Бұл менің қызығушылығымның нәтижесінде пайда болған пікір ғой. Сонымен, Абайдың тегі кім? Баршаға мәлім, Абайдың арғы атасы –Ырғызбай, атасы - Өскенбай. Фамилия арғы, не болмаса әкесінің әкесі атымен аталуы тиіс. Сонда Өскенбай Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы болғаны ғой, немесе, Ырғызбай Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Бірақ, бізде үйреніп кеткен Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ғана бар. Ал мен атап өткен Абай тек менің атағаныммен қала беретін сыңайлы.



Бөлісу: