Бір сәттік сезім

Бүгін, міне, құлпырған көктем мезгілінің соңғы айының шуақты күндері.  Алтын ұядан ұшып, қолыма аттестатымды алып,  Жоғарғы оқу орнына мен де құрбыларым секілді құжат тапсыруға келдім. Ауылда туып, ауылда өскен маған қала тіршілігінің бәрі таңсық әрі қызық, қорқынышымда жоқ емес.  Бүгін әдеттегіден ерте  оянып, университетке бет алдым. Әне-міне дегенше, «қабылдау комиссиясы» деген жазуға да жеттім. Университет алды ығы-жығы. Яғни, қолдарында бір-бір папкалары бар, арман-мақсаттары биік талапкерлер. Мен де ішке еніп кірген бойым  ұзын дәліздін,  екі бетін жағалай құжат қабылдап отырған ұстаздар қауымы.  Неге екенін білмеймін көзім сол жақта 2-нөмірде отырған, қасы көзі қап-қара, сымбатты келген ағай бейнесі түсті.  Солай қарай аяңдадым  да, алдына барып, не айтарымды білмей, түріне ұзақ қарап тұрып қалдым.  Екі бетім қызарып, денем дірілдеп кетті. Ол кісі менің құжаттарымды көрді де, керегін алып, құжаттарымды толтырды. Сөйлеген сөзі, жазған жазуы, бет-әлпет, дене-бітімі бәрі-бәрі маған бір ерекше ханзададай көрінді. Қазір сол университетте білім алып жатырмын. Сол ағай  бейнесін тағы көрсем, Білесіз бе, сіз маған ұнап жүрсіз, Арайланған таңыма құмар күнсіз,- деп айтқым келеді. Бірақ, әттең, ол бейне құдды бір найзағайдай жарқ етті  де, жоқ болды.



Бөлісу: