Балалығымның куәсі

Балалығымның куәсі
жеке
блог

Ол кезде бесінші сынып оқимын. Сынып старостасымын. Сыныпқа кіріп келіп едім, алдымнан құрбым шықты да "Бізге жаңа оқушы келді" деп жаңалықты бірінші болып айтты. Соңғы партада қара торы, бұйра бұйра шашты, ап-арық қыз отыр екен. Көздері мөлдіреп әрең отыр, сәл болмағанда жылайтын секілді. Біздің 5-сынып мектептегі үздік оқушылардың сыныбы болса да, бұзық едік. Мұғалімдеріміз таң қалатын, сабағы жақсы, тәртібі нашар бір бала болса бір жөн, бүкіл отыз баланың мұндай болуы қалай деп. 

Содан, әлгі қызға барып "Айжан" деп қолымды создым, ол да жіңішке сауқтары бар қолын созып "Келбет" деді. Қолы мұздай еді, әлі есімде. Атын тағы сұрадым, Мұрат деген сыныптасым күлді, басына математика кітабымен соғып қалдым, Келбет болса жай ғана жымиып отыра берді. Жағасы үлкен ақ көйлегі ерекше болатын, өйткені ол алматылық еді. Сол жылдары Ақмола Астана болып жатқан шақта алматылықтар үшін "Қызыл ауыл" (Красная деревня) шағын ауданы салынған еді, жаңа сыныптасымыз сол жақта тұрады екен. 

Күндер өтіп жатты, бірге сабаққа барамыз, бірге қайтамыз. Талай қызықтар болды. Есте ерекше қалғаны, мектептен үйге қайтар жолда Ұлттық гвардия жанынан өтетін едік. Ол кездері қазіргідей биік қамалдар емес, жай ғана темір қоршау болатын. Сол темір қоршаудың ішіне басымызды кіргізіп алып, ұландықтардың дайындықтарын тамашалайтын едік. Ішінде өзімізге таңдап қойған "ағайлар" да бар еді, үлкен қыз болғанда міндетті түрде ғашық етеміз деп сендік.

Уақыт зулап өтіп, мен басқа мектепке кеттім, солай жүргенде жоғалтып алдық бір-бірімізді. Мен АҚШта оқыдым, ол Қытайда оқыпты. Елге оралдық, жылдар бойы бір қалада жүріп, таба алма алмадық. Өмірдің қаттысы да, тәттісі де болып жатты. Кейде қатты сағынғанда ойлап, күрсініп қоятын едім. Он бес жылдан соң аяқ асты кездесіп, жылауға шақ қалдық. Көз алдыма дәәәәу "пумпончик" бас киімі бар кішкентай қыз елестеп кетіп, толқыдым. Менің Келбетім сол баяғы Келбет екен, дым өзгермеген...