«Нұрлы болашақ жолында» атты республикалық пікір-сайыс турнирі

«Нұрлы болашақ жолында» атты республикалық пікір-сайыс турнирі
жеке
блог

 2014 жылдың 18-19 қазан күндер аралығында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ИДК «Оратор» интеллектуалды дебат клубының 10 жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының, «Жария» халықаралық орталығы» қоғамдық қорының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ИДК «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының тікелей ұйымдастыруымен, «Жас Отан» Жастар қанаты  «STOP Қылмыс» жобасы аясында «Нұрлы болашақ жолында» атты республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті. Аталмыш турнирге елімздің 9 облысынан 32 фракция 64 пікірсайсшы келіп қатысты. Турнирдің бірінші күні іріктеу кезеңі болса, екінші күні жартылай финал, кейін финалға өткен топтардың БПФ форматындағы, сонымен қатар, «Ең үздік спикерді» анықтау үшін ЛД форматындағы тартулы ойындары өтті.

        Естеріңізге сала кетсек, ИДК «Оратор» интеллектуалды дебат клубы соңғы  жылдары пікірсайыс аламанындағы айбынды додаларды «дәстүрден де жоғары» бағалайтын, қағидасын қазық қып тағалайтын талант тұлпарларының тарландары, сөз сұлтандарының арландары айқасатын аты аңызға айналған дебат клубы. Батырбек Әубакировтың бастауымен құрылған осынау өнер қоғамы бүгінде он жылдықтың ордасына табан тіреп, республика төңірегінде және алыс-жақын шет елдерде өзін мойындатып жүр.

  Турнир нәтижесі бойынша Тараз қаласынан келген «Жазалаушы мен қорғаушы» фракциясы: Джаналиев Сағат, Сәрсенбек Ақнұр ІІІ орын, астаналық «Форс Мажор» фракциясы:Әуесханова Жанаргүл, Жолмағанбетов Ернар ІІ орын және Қызылорда мен семейлікпікірсайысшылардан құралған «Қас сақ» фракциясы: Кеңшілік Сабыржан, Ықыласов Қайрат І орын дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік спикер» атына Ықыласов Қайрат лайық болса, «Ең үздік спикер» болып Қалиев Дастан атанды. Дүбірлі доданың төрешілері де бұл жерде назардан тыс қалмады «Үздік төреші» номинациясымен Байғазиев Бекжан мен Жолдасбек Меруерт марапатталды. Барлық қатысушы талапкерлерге сыйлық ретінде сиясы кеппеген, халықтың рухани мұрасына айналған кітаптарды табыс етті. Турнир жеңімпаздары фотоаппарат, ұялы телефон сынды түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Турнир соңында қатысушылар ИДК «Оратор» интеллектуалды пікірсайыс клубының  мерейлі тойына арнаған құттықтау  видеороликтері мен небір лебіз тілектерін білдіріп, турнир өз мәресіне жетті.