Аптаның үздік блогы анықталды – 4

Аптаның үздік блогы анықталды – 4
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты блогшыларға арналған байқау жариялаған болатын. Байқаудың ережесіне сай осы аптаның үздік блогы анықталды!

Бұл аптада қырықтан астам блог жазылды. Бұл көрсеткіш өткен апталарға қарағанда әлдеқайда төмен. Бұның басты себебі, сайтымыздың жаңа дизайынға көшуінде болса керек. Жаңа үлгіге үйренісе алмай жүрген блогшыларымызды алдағы уақытта белсенді болуға шақырамыз!

Өткен жолы хабарлағанымыздай бұл жолы да Massaget.kz сайты тілшілері мен "Aldaspan" тобының мүшелері жазған блогтар сынға түспеді. Ал, қалған блогтардың бәрі де байқауға қатыстырылды.

Байқау ережесінде жеңімпаз блог пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады деп жазылған болатын. Massaget.kz сайты жаңа дизайнға көшіп жатқандықтан, аздаған өзгерістер орын алды. Мысалы, жаңа дизайнда ұнату (LIKE) тетігі жоқ болуы себепті, жеңімпаз анықтауда бұл ескерілген жоқ. Яғни, жеңімпаз блог пікір, көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталды.

Бір айта кететін жәйт, бұл аптада жазылған блогтардың сапасы өткен апталармен салыстырғанда кемшіндеу болды. Ережеде жеңімпаздарды анықтауда "Блогшының көркем тіліне, тақырыбының мән-маңызына, өзектілігіне, шығармашылық фантазиясына, көркемдік безендірілуіне (авторлық сурет), мультимедиялық контентке (авторлық видео, аудио) басымдылық беріледі" деп көрсетілген болатын. Massaget.kz сайты тілшілері осы аптада жазылған барлық блогтарды түгелдей саралаудан өткізіп, жеңімпаз болгты салыстырмалы түрде анықтауға мәжбүр болды. Блогшыларымыздан келесі жолы сапалы жазбалар күтеміз.

Сонымен, аптаның үздік блогына төмендегі төрт блог үміткер атанды:

1. Кожакелди Алданов: «Дауыстап досыңызға оқып беріңізші!.. Мен олай істей алмаймын.»  (Мейіржан Әуелхан, Ернар Алмабек)

2.  Досхан Жылқыбай: «Үшінші күз...»  (Жолдас Өрісбаев, Жасұлан Исакаев, Нұрбол Нұрмаханұлы, Қарлыға Бүйенбай,  Шерхан Талап, Өмірбек Сансызбай)

3.  Еркетай ):  «Жүйке жұқартқан жаңа жүйе»  (Бауыржан Жақсымбет, Ербол Молдажанов)

4. Nargiza Ibragim:  «Күзгі күй»  (Фариза Әбілова, Еркебұлан Сатқанбаев, Мейіргүл Оңғарова)

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Байқау қорытындысында Досхан Жылқыбайдың «Үшінші күз...» блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Досханды келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.

Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...»  блогы.

Massaget.kz ұжымы

Сурет: rysichka.blogspot.com