"Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме"

"Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме"
жеке
блог

Айна — кез келген үйде қолданатын мүлік. Қарапайым қажеттілігінен басқа, бүгінгі таңда үйге, кеңселерге, демалыс орындарына  көрік беру мақсатында да пайдаланып жатады. Алайда, айнаның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы бар екенін көпшілік біле бермейді. Ежелгі Қытай ғылымы «Фэн –шуй» қоршаған заттардың айналаға әсері жайлы қажетті кеңестерін ұсынады. 
        Мәселен, кіре беріс дәліз. Фэн шуй заңдылығы бойынша айна кіре беріс есікке қарама-қарсы орналаспағаны жөн. Наным бойынша, есіктен кірген кіріс айнаға шағылысып, шығып кетеді-мыс… Сонымен қатар,үй иелерінде түрлі жағдайларда кедергілер туындап, жүйке жүйесінің тез шаршауына әкеп соғуы ықтимал.  
       Жатын бөлмеде айнаның мүлдем болмағаны жақсы. Болған күннің өзінде, кісі ұйықтайтын төсек көрінбегені абзал. Өйткені, мұның арты үйде немесе ерлі-зайыптылар арасында дау-жанжал шығуына және адам ағзасы ауруға шалдығуына әсер етуі мүмкін. Қазіргі заманауи жиһаздарда төсектің бас жақтаулары айнамен көркемделіп жатады.Ол да дұрыс емес. Төсек сатып алатын болсаңыз (әсіресе ерлі-зайыптыларға қатысты), міндетті түрде соған көңіл аударыңыз.
           Ас үйде айнаны үстелге қарама қарсы қабырғаға ілген жөн. Дастархандағы дәміңіздің бәрі айнадан көрінсе, ырыс молаяды деген фэн-шуйда наным бар екен.  
         Қонақ бөлмеде айнаның болғаны құпталады. Әсіресе, сырт жақтан әсем табиғат шағылысып тұрса, тигзер пайдасы мол. Алайда, егер айнаға сырттағы қоқыс жәшігі т.б.  қарама-қарсы шағылысса, жаман энергияны үйге тартуы мүмкін деген сенімге де құлақ түріңіз.
        Үйіңіздің төбесін, не еденін айнадан жасалған жылтыр тақтайшалармен /плитка/ көркемдегенді де фэн-шуй қолдамайтын көрінеді. Өйткені, бөлшек айнадан адамның өз бейнесін терісінен, не бөлшектеп көру кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бұндай безендіруді өз басым көбінде кафе, мейрамханалардан байқаймын.
         Егер ақшаңыздың санын арттырғыңыз келсе де, тигізер көмегі бар екен. Мысалы, айнаның алдына бірнеше кесек қағаз ақшаларын шашып қойсаңыз, табыс көзі молаяды.
Жадыңызда жүрсін:

  1. Кіре беріс есікке айнаны қарама қарсы ілмеген жөн.
  2. Айнадан бейнеңіздің толық көрінгені дұрыс
  3. Жатын бөлмедегі төсекке қарсы айна ілмеңіз.
  4. Айнадан тек жағымды дүниелердің көрінгені абзал 
  5. Үйде сынық немесе шынысы тозған айнаны пайдаланбауға тырысыңыз

 Айна – жай ғана тұрмыстық құрал емес, тылсым дүниемен байланыстырушы, ғажап қасиетке ие. Үйде кiсi қаза тапқанда нелiктен айнаның бетi жабылады? Өлiм кезiнде айна о дүниеге есiк ашатын қақпа тәрiздi. Сол арқылы үйге жын-шайтандар кiрiп кетпеуi үшiн бетi жабылады. Қайсыбiреулер өлген адамның жаны айна арқылы керi қайтып келмес үшiн жабу керек дейдi. Қалай болғанда да мұншалықты қасиеттi құралды нем­құрайлы емес, күтiп ұстаған жөн.


Бір жасқа толмаған балаларды да айнаға қаратпау керек дегенді есітеміз. Себебі, айна жоғарыда айтып кеткенімдей – екі дүниені байланыстырушы. Сондықтан баланың көзіне тың дүниелер көрініп, оның тілі шықпай қалуы да мүмкін. Жалпы, қазақта айнаға байланысты ырым-тыйымдар өте көп. Оларды әрқайсысы орынды, әрі мағыналы айтылған.

 

(Ғалымдар пайымдауынша, айнадағы келбетің өмірдегі келбетіңнен 6 есе жақсы көрінеді, яғни, 6 есе әдемі).