Аптаның үздік блогы анықталды – 3

Аптаның үздік блогы анықталды – 3
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты блогшыларға арналған байқау жариялаған болатын. Байқаудың ережесіне сай осы аптаның үздік блогы анықталды!

Бұл аптада жетпіс бес блог жазылып, өткен аптадағы көрсеткіш тағы да жаңарды. Байқаудың алғашқы аптасында 61 блог жазылса, екінші аптада 71 блог жазылған болатын. Өткен жолы хабарлағанымыздай «Өзім жайлы 30 дерек» деген атпен жазылған блогтар қатыстырылмады. Сондай-ақ, Massaget.kz сайты тілшілері мен "Aldaspan" тобының мүшелері жазған блогтар сынға түспейді. Ал, қалған блогтардың бәрі де байқауға қатыстырылды.

Байқау ережесінде жеңімпаз блог пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады деп жазылған болатын.

Тағы бір ескерте кететін жәйт, Massaget.kz сайты жаңа дизайнға көшіп жатқаны белгілі. Дәл қазір сайтымызда өзгертулер мен толықтырулар жүріп жатыр. Қазіргі блогтардың көрілім саны өзгеріске ұшыраған. Біз жеңімпаздарды бұрынғы ақпараттар толық сақталған Тest.massaget.kz арқылы анықтадық.

Сонымен, аптаның үздік блогына төмендегі бес блог үміткер атанды:
1. Айшок Балтахаева – «Қол» (Мейіргүл Оңғарова, Өмірбек Сансызбай)
2. Нұршат Әлімқызы – «Жүректе ақыл болса...» (Қарлыға Бүйенбай, Нұрбол Нұрмаханұлы, Шерхан Талап, Ербол Молдажанов, Еркебұлан Сатқанбаев)
3. Автор: NaZ ))) – «Сәбидің уысынан жылан өлген» (Мейіржан Әуелхан)
4. : ** @iZeRe ** - «Керемет деп осыны айт ! 2» (Бауыржан Жақсымбет)
5. Гүлзат Қостұрғанова – «405-кабинет» (Фариза Әбілова, Жолдас Өрісбаев, Ернар Алмабек)

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған және көп адам ұнатқан (LIKE) блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Байқау қорытындысында Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...»  блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Нұршатты келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы

Сурет: acctaxsolutions.net