18 жас

Күні кеше ғана ата-анамды,жақындарымды қуантып, шырылдап дүниеге келіп едім.Енді міне екі күннен кейін он сегізге толамын.Екі жылдан кейін қырықтың жартысына да келіп жетемін.Жаңа өмір,жаңа орта.Күні кеше мені сары қызым деп еркелетіп отыратын ата-әжем бүгін маған басқаша қарайды. Үлкен жауапкершілік артқан көздерімен қарап мені ересек адамдар қатарына қосады.Кезінде үлкендер балалық шақтың қаншалықты қымбат екендігін айтқан кезде түсінбеуші едік, тезірек бойжетіп үлкен адамдарша өмір  сүруді талай армандайтынмын.Енді міне он сегіз жыл көз алдымда зуылдап өте шықты.Қаншама қиындық? Қаншама  қуаныш? Өмірдің ең қиын сәттерін есіме алғанымда көз алдыма алғаш келетіні анамның өлім аузында жатқаны, ал ең айқын қуанышым анамның  сол қиындықты жеңіп ортамызға қайта оралғаны.Бұл менің қорқынышты түстен кейінгі бақытты кезім  еді.Қыздармен басы қосылғанда үйшік-үйшік ойнап кететін сары қызды өмір қатаң жазалады.Қиындықты кезек-кезек көргендіктен бе менің сана сезімім достарымнан бөлек еді.10 жас.22 наурыз менің өмірімнің бағыты басқа арнаға бұрылды.10 жастағы ерке қыз ойын жинап,бойын тіктеп алғаш рет  қиындыққа қасқайып қарсы тұрды.Сол кезде мен өз бойымдағы батылдықты алғаш рет көрдім.Неше түрлі ойыншықтармен үйшік-үйшік ойнап жүрген сары қыз енді ойыншықтарын тастап, өмірдің неше түрлі қиындықтарына қарсы тұруға дайын еді.Өмірдің қиындығымен арпалысып жүрген сары қызды тағдыр енді  Алматы қаласындағы №4Ибрагим Нүсіпбаев  атындағы интернатқа  әкеліп тықты.Әкемнің тәтті алып жейсің деп берген 500 теңгесі қолымда,үстімде қызыл күртешем.  Интернат есігін аттаған сәтте айналама таңырқай қарадым. Қуанбадым... Сол сәтте жалғыздықтықтың не екенін алғаш рет сезіндім. Айналамдағы жүгіріп жүрген балалардың көздерінен жалғыздықтан туған қатыгездікті көрдім. Уақыт өтіп жатты... Үш қабатты интернатта мен жападан жалғыз едім. Сенбі күнін асыға күттім. Сенбі күні үйге қайтып, жексенбі қайта келу мен үшін бақыт еді. Сенбі, жексенбі күндерінің арасындағы әрбір сағат, әрбір минут мен үшін қымбат еді. Бұрын уақытқа қарамай сағаттап ойнайтын ерке қыз енді есейіп, әр минутын  санайтын болды. Ата-анама мені интернаттан шығарыңыздар дедім. Ақыры жауаптары “жоқ” деген үш әріпті сөз еді. Бұл менің жетінші сыныбымның үшінші тоқсаны. Үш әріпті  “жоқ” деген сөз көкірегімді өртеді. Ақыры мен оқуды тастадым. Сабақты біліп тұрсам да, білгенімді айтпайтынмын. Көп ұзамай мен интернаттан шықтым. Бақытты едім... Езуімнен күлкі тиылмады... Ағамның қолына оқуға келдім, бірақ оның да талай әңгімесі бар. Осылай төрт жылым өтті. Ақыры ҰБТ маусымның бесі, кешкі сағат 8, жауап 94 балл. Жаңа өмір... КазГУ ... Мен арманымның алғашқы баспалдағынан аттадым. Мен шынайы бақыттымын...



Бөлісу: