"Аңыз адам" журналы

"Аңыз адам" журналы
жеке
блог

"Аңыз адам"

«Аңыз адамды» талап етеміз!!!

     Баршаға мәлім елімізде үлкен сұранысқа ие, өз оқырманын таба білген танымал Жарылқап Қалыбай ағамыздың бастамасымен шыққан «Аңыз адам» журналы жабылып жатыр. Гитлер деген фашисттің, елімізді жылатқан, қаншама азаматтарымызды қырып салып, халық қарғысына ұшыраған сұмның сұмдығын әшкерелегендерін кінә көргендер бүгін өз дегендеріне жетті. Ұлтымыздың ұлыларын ұлағаттап жүрген бұл журнал тек қана халқымыздың ғана емес, студенттер үшін де таптырмас құрал. Мен де студентпін. Керегімді осы журналдан іздеп табамын. Мысалы, Смағұлбек Ғаспрәлі хақында мәліметтер тым аз. Ал «Аңыз адам» өзінің кезекті нөмірінде бұл журналисттің өмірі мен «Тәржіман» газеті туралы көптеген мағлұматтар берді. Қазақ тілінен хабары жоқ орыс ардагерлері шығарып отырған дауды шешуге атсалысып жатқандар қатарында еліміздің біртуар ақыны Мұхтар Шаханов та бар. Мұхтар ағамыздай мықты қолдаушылары бар журналдың жабылуы үлкен әділетсіздік.

     Нұрадин есімді Қызылордалық ағамыздың мына өлең жолдары мені осы тақырыпты қозғауыма септігін тигізді десем артық айтқаным емес.

«Мәңгүртің бар, орысың бар, ауғаның бар, сартың бар,

Ардагерің, қазақ тілін түсінбейтін қартың бар.

Қазақ тілде шығатын, қазақ қана ұғатын,

Жарылқаптан, журналдан,

Қане, қолды тартыңдар!»

     Біз бұл журналдың ғұмырының ұзақ болғанын қалаймыз. Алайда, біздің тілегіміз бен сөзімізге құлақ асып жатқан ешкім жоқ.. Бірақ, бәрі Аллаға аян, түбінде бір әділеттілік орнайтыны ақиқат. Ендеше, Жарылқап ағама тілейтінім ешқашан қартаймаңыз! Біздің мемлекетке дәл сіздей қазақы туындыларды жасап шығаратын ұлдар қажет. Сізге және журналыңыздың ұжымына алғысымды айтып, дәл осындай ұлағатты журналдың шығарушылары алдында басымды иемін!