ҚАЗҰУ - УНИВЕРСИТЕТ ЕМЕС!

ҚАЗҰУ -  УНИВЕРСИТЕТ ЕМЕС!
жеке
блог

казну

ҚазҰУ – университет емес!!!

     Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскеніме міне екі ай уақыт болды. Бұл оқу орнын мен мектеп қабырғасында жүргеннен бері армандап келген едім. Еңсесі биік ректоратты көргенде өз еңсемді тіктеп, өмірге жаңа құлшыныс табатынмын. Бұл қалашық мені өзіне шақырып тұрғандай болатын да тұратын. Мен үшін бұл университеттен басқа жоғары оқу орны жоқтай аузымнан Әл – Фараби есімін тастамай жүретінмін. Алланың қалауымен арманыма қол жеткіздім. Мен енді студентпін! Көпшілік бұл сөздеріме күліп қана қояр, бірақ, ҚазҰУ-да оқитын кез келген студенттен сұраңыз, олар да дәл мендей шексіз бақытты.

     Мен ҚазҰУ-дың жанынан өткен сайын ауласына кіруге құлшынып тұратынмын, алайда, оқуға түспестен кіруге батылым жетпеді. Беделі көкпен таласқан бұл университет мені қабылдай ма деген сауал көкейімде тұратын. Мен ҚазҰУ-ды ешқашан университет ретінде қабылдаған емеспін. Бұл оқу орны қасиетті білім ордасы. Мұнда еліміздің бетке ұстар біртуар азаматтары дәріс берген. Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғалардың табан ізі жатқан оқу ордасының деңгейі университеттік деңгейден де жоғары тұр. Бұл орда еліміздің бетке ұстар тұлғаларын біріктірген қазақы шаңырақ.. ҚазҰУ-дан түлеп ұшқан әрбір түлек бүгінде университетіміздің берген білімін ақтап отыр. Мысал ретінде Толқын Сейдоллақызын үлкен мақтанышпен айта аламын.

     Білімділерді біріктіріп отырған білім ордасының студенті болғаныма мен қуанамын. Жүрегімді жаулап алған ҚазҰУ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

ЖУРНАЛИСТИКА факультетінің 1-курс студенті

БЕЛАСАР ГҮЛЖАНАТ