Қазақстан КВН Одағының Президенті Есен Елеукен мырзамен Бәйдібек ауданының жастары кездесті.

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Бәйдібек аудандық "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Жастар Отанға!" партиялық жобасы аясында "Ұрпақтар сабақтастығы" алаңында Қазақстан КВН Одағының Президенті Есен Елеукен мырзамен жастардың кездесуі өтті.

Кездесу барысында Есен Елеукен өзінің өмірлік жолы туралы жастармен бөлісті. Қазіргі уақыттағы КВН қозғалысының дамуы туралы жастарға ақпарат берді. Жастарға аянбай еңбек етуге шақырды.



Бөлісу: