Оқушы мен студент

Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда сабаққа құштарлығымыз артып, өз бетімізше сабақ оқып, мұғалімдерімізге сұрақтар жаудырып, бәрін білгіміз келіп тұратыны еді. Алайда есейе келе, ұстаздарымыздың бізге сабақты жаздыра алмай әуре болатыны да, екілік алмас үшін ақыры өзіміз жазатынымызды да бәрімізге аян.  Ал, менің студент болғаныма екі ай толмаса да, студенттік өмірдің қыр-сырын жеті меңгеріп алдым. Мұнда бәрі басқаша. Оқысаң да, оқымасаң да өзің үшін.  Алайда, ең беделді, ұлттық университеттегі дарынды ұстаздардың білімін қастерлеп, өзіңе ой түйіп қалу, үлкен мәртебе.  Мен мұнымен не айтқым келеді? Оқушы мен студенттің арасы бір-біріне оңша алыс емес. Тек оқушы кезіңде ата-анаңның жаныңда болып, балалықпен өмір сүрсең, студенттік кезің нағыз есейіп, өзіндік көзқарас, өзіндік пікір қалыптасатын, өмір атты теңізде бір жүзіп, бір бататын нағыз қызықты да, қиыншылықты бастан кешіретін сәттерің. Олай болса, басымызға ақ бантик тағып жүретін оқушылық кездерімізді ұмытпай, үлкен өмірдің қыр-сырын жетік меңгерген студенттік күндерімізді тек қуанышпен еске алып жүрейік.



Бөлісу: