Үзілген эстафета – Өзім жайлы 30 дерек

Үзілген эстафета – Өзім жайлы 30 дерек
жеке
блог

1. Есімім Айжан – Сұлу әлеуметтік желілердегі псевдоним, атымды әкемнің жеңгесі қойған екен аса ұнамайды. Негізі сол кісіге ұқсаған жерлерім көп, әкем жақ туыстар кіші Гүлжахан деп қалжындайды. Бала күнімде әкем бір женгесі «гадкий утенок» дейтін. Басқалар әрқалай еркелетеді, соның ішінде өзім сүйген бір адам Айсо дейтін.
2. Еркемін, мінезім қиындау, шалт, тік, шытынап тұрамын, қырсықтық жетеді, қызғаншақпын, қиялимын, жақтырмасам сөйлеспей қоямын, жақтырсам менен ашық адам жоқ. Даусым аштыма, сөйлегенім солай ма елдер жақтырмай қалып жатады.
3. 2 жақ әулет те үлкен, бір шақырғанда тойдың жартыдан көбі өз туыстарымыздан жиналады, солардың барына қуанамын.
4. Туыстарымды, өзім деген адамдарды жаман жақсы көремін, қолымнан келгенше соларға көмектесемін, жалғыз інім үшін жанымды беруге бармын, туыстар бәрі біліп алған, соған ғана жығылатынымды. 

5. Сатқындықты 3-4 рет көрдім, ең жақын санаған адамдарым сатып кеткенде қатты депрессия боламын.
6. Бала күнімде жаман тәкаппар, қырсық, адам жақтырмайтын қыз болғанмын өмір өзгертеді, жүре, көре өзгереді екенсің.
7. Өзімді көргім келген талай биікке жете алмадым, орындалмаған армандарым көп. Әйтседе осы күніме мың тәубә, ел қатарлы жоғары білім алдым, қызметім жаман емес, өнегелі жердің қызымын.
8. Шешім қабылдау мен үшін өте қиын, әр адам пікірін тыңдаймын «не решительная я».
9. Сүйген адамнан сатқындық көріп, сүймеген параметрлері өзіме сәйкес келген, в общем есеппен тұрмысқа шыққан қызбын. Кеш шықтым тұрмысқа.
10. Сыр сақтамаймын, қалай бар солай айта беремін, сөйлей саламын, адамдардың көңіліне қарай бермеймін. Менде болып жатқан оқиғаларды туыстар бәрі біледі.
11. Көп адам қаптаған жерді жақтырмаймын, тыныштықты жақсы көремін, шақырусыз келген қонақты да жақтырмаймын.
12.  Тамаққа кірпиязбын, дәмсіз болса ренжимін (үйде әрине) қамыр илеп жаю, лагман созу, бауырсақ ашыту еш киындык емес маған. Мен барда қамырды ешкім илемейді жақтырмайсың деп. Выпечкага аса жокпын, шындасам жасаймын.
13. Қателіктерімді мойындаймын, сын қабылдаймын. Кекшілмін, міндетті түрде отомстить етемін.
14. Сәбилі болғым келеді, балажанмын.
15. Ақшаға қаттымын, үнемшілмін, экономдап санап жүремін, бекерге ақша шаша бермеймін.
16. Кір, жыртық, өңіп кетпеген болмаса болды не бар соны киіп жүре беремін. Киім көп, бірақ ұқсатып күнде бірін кимеймін. Кимеймін деп апарып тастап мамалардыкыне, біраз уақыттан кейін алып келіп киемін.
17. Аяқ киім алғышпын, түс-түсімен көп, размер кішкентай ешкімге келмейді. Ескі киім-кешекті біреуге бергенен көрі өртеп жіберем. Әпке-женгелер ренжіп жатады, берсе дұрыс кимесе жаман болып қаламын, сол үшін бермеймін.
18. Өзімнен көрі біреуді ойлап тұрамын. Не ойлайды, ұят қой деп. Жаман ойлар көп ойлаймын.
19. Ұлтшылмын – қазақ пен басқа ұлт бірдеме сатып тұрса қазақтан барып аламын.
20. Жұмысымды, ұжымды, бастықты жақсы көремін.
21. Алматының шетінде участогым бар, времянка салып жатырмын.
22. Жалмауыз болып көрінсем де сырт көзге аңқаумын, қулық-сұмдық ойлай бермеймін. Әпкеммен ініме қарағанда қулаумын.
23. Машинадан механика да, автомат та айдаймын, інілерімді ойбайлатып солардын машинасына отырып аламын, өзімде әзірге жоқ.
24. Әкем ешқашан ұрсып көрмеген, мамама қарағанда әке жақын, мама қаталдау.
25. Телевизор көп қарамаймын, сериалдармен ауырмаймын, мектеп кезінде көп оқушы едім кітаптар, қазір оқысам да есімде қалуы қиын.
26. Өзіме жақсылық жасаған адамдарды ешқашан ұмытқан емеспін, әркез хабарласып мейрамдарда құтықтап тұрамын.
27. Өзі іздемесе, керек қылмаса дос-таныстарды іздей бермеймін.
28. Найман деп шошитындарға жыным келеді, баяғыда өліп қалған атамызда несі бар -деп, елге емес адамға байланысты бәрі деп ойлаймын. Найман екеніме, Алматы облысында өскеніме қуанамын.
29. Інім екеуміздің ақшамызды басқару өз қолымда – әке, мама, інім, келінім бәрі көбіне менің айтқаныммен келіседі. Келіндерімді сіңілілерімдей жақсы көремін. Келіндердің ақшасында шаруам жоқ. Төркіндерінен қызғанамын.
30. Түсіністікпен қарауға, кешірімді болуға тырсамын, қиындау әрине. Жыным келсе ешкімге сөйлемей қоямын 5-6 сағат қана.

Өздеріңі образ ойлай жатарсыздар, осы бар болмысым, жаза берсем көп сияқты 30 дан аспайын.