Өзім туралы

Өзім туралы
жеке
блог

«Өзім жайлы» деген эстафета болып жатыр еді, кезексіз қалды ау деп ойлаймын. Жігіттер қыздар өздері туралы мағлұмат жазып жатыр ғой. Сол арқылы жақсы таныс болып жатқан жайымыз бар.  Мен де қалыс қалмай өзімді таныстыра кетуді жөн көрдім.  Ал кеттік олай болса:

 

1. Есімім-Айша. (өзіме ұнайды есімім). Қыз кезімдегі тегім Құсайынова, қазір Балтахаевамын. Әкем-Мейір.Анам-Оңалхан.

2.Отбасында төрт баламыз. Мен екіншісімін. Анамның айтуынша   мені перзентханада әкеме ұл деп айтқан екен. Екі үш күннен кейін барса қыз екенімді естіп, әкемнің көңілі түсіп кетіпті.  

3.Өз жұртымнан қарағанда нағашы жұртыма бауырым бұрып кеткен. Себебі сол кісілердің қолында өстім.  Сондықтан мені албанизацияланып кеткен арғын дейді туыстар.

4.Екі алтындай қыздарым бар. Айсауле, Аяулым атты. Алла қаласа оларға тағы бір қыз қосылады Ин Ша Аллаһ.

5.Нағашы атамның ұлы жоқ болғандықтан қыздарын еркектің ісіне араластырған. Мен де  қарағай дайындап, шөп шауып, картошканы мөшектеп тасығанмын. Тұрмыс құрған соң әйелдің тірлігін жасау маған қиындыққа соққаны бар.  Сондықтан болар тігу, тоқу деген дүниелер қолымнан келмейді.

6.Біреудің айтқанымен жүремін.  Жеке басымның пікірін қорғап қалу қолымнан келе бермейді.

7.Ісімнің көбі-шала. Асығамын. Біреу қуып келе жатқандай. Қазір де асығыста жазып отырмын.  Бір жазбаны жазып-сақтап-жазып  деген әңгіме жоқ. Жазамын да бірден жібере саламын. Жұмыста да асығып, өзіме ренжігеннен ""осылай жасамаса Айша Айша бола ма деп ызаланам.

8.Сәнқой емеспін.  Киімге аса мән бермеймін. Бірақ сән туралы бағдарламаларды қараған ұнайды.  Киім таңдау деген мен үшін бір қиямет. Базарға барғым келмейді. Барсам да сатушының ұсынғанын киіп «Түүү жарасып тұр» десе болды ала саламын. Сондықтан жолдасымды ертіп аламын киім таңдарда.

9. Гүл өсіру ұнайды. Алайда менің қолымнан гүл аса құлпыра бермейді.

10.  Жолы болғыштардың қатарынан емеспін. Бірақ осы күніме де Аллаға сан шүкіршілік айтамын.

11. Механика адйдай аламын. Правом бар. машинам жоқ бірақ(((

12.  Жұмыс үстелімді тиянақты ұстаймын. Артық зат нервмді ауыртады))

13.   Бііір мудрить етіп бірдеңе жазғым келеді. Алайда ой-өрісім тар екеніне көзім жеткен соң, амалсыз жеңіл дүниелер жазамын.

14.  Жылауықпын. Кейде мульфильмдерге де жылай аламын. Осы қасиетімді жолдасым мен оның мамасы ұнатпайды. Жамандықты шақырасың, жылама деп кеийді.

15.  Ерте тұрмыс құрғаныма қазір өкінбеймін. Ерте апа болам Алла қаласа!!!

16.   Сыныптастарыммен тек 2-3 қызбен араласамын. Сондықтан басқалары мені «ой Айша адам танымай кетті» деп жатады. Негізі олай емес... бәрін де танимын))) жай, мүмкіндік болмай жатқаны.

17.   «Дом» атты деректі фильмді 11-ші рет қарадым бүгін. Керемет түсірген.

18.  Шыдамдымын. Көп нәрселерге шыдаммен қарауға тырысамын.  Бірақ бір ашулансам.. жамааан болады.

19.  Кешірімдімін. Сондықтан болар мені көбі ренжіте береді. Кешірімді болсаң сол ғой, ренжітеді...кешірім сұрай салады...қайта ренжітеді...

20.  Жұмыста да, автобуста да, үйде де  музыка тыңдағанды ұнатамын.  Benny Benassi, Lilly Wood, Calvin Harris, Armin Van Burren-нің шығармашылығын ұнатамын десем жастар: Құдааай сіз де сондай өлең тындайтын ба едіңіз- дейді.  «еее не болыпты жасым енді 25 ке келді» деп қалыспаймын мен де.

21.  Шашымды қиғыыым келеді. Алайда отағасы рұқсат бермей жатыр.

22.  Бойы биік болғасын биік өкшелі аяқ киім кие алмаймын. Биік өкше киген қыздарға қызыға да қызғана қараймын.

23.   Қорқынышты кино көргенді ұнатамын. Себебі қорқақпын. Парадокс!

24.   Иттен қорықпаймын. Алабай болсын, кавказ, тіпті кангал болса да мейлі.

25.   Мінезің жайлы дейді көбісі. Сондықтан «ананы істей салшы», «бүйте сал-сүйте сал», «өзімізсің ғой» дегенді көп естимін.

26.  Сары болғасын бәрі «татарсың ба», «орыс шатыссың ба» деп сұрай береді. Үйреніп қалғанмын оған да, кезінде ренжитін ем.

27.  Қазақ болғаныма шын жүрекпен қуанам. Мақтан тұтам. Ұлтшыл адамдарды пір тұтамын.

28.  Өркөкіректерді жек көрем.   Қарапайым адамдарды қатты сыйлаймын.

29.  Тамақтан қазы қартасы мен құйрығы мол бешбармақты ұнатамын.  Ет жемесем де қамыр мен құйрық жесем болды негізі. Бірақ менің денеме қарап құйрықты ұнататын адам  деп ешкім айтпайды. Қырымнан тұрсам көрінбей қалатын сияқтымын.

30.   Шүкіршіл адаммын. Осы блокты  асығып болса да жазып бітіргеніме шүкір деееп отырмын))

 

Басында "Құдааай, 30- ды қалай толтырам" деген ем. Тоқтай алмай қалдым ғой әуелі).