28

Массагетке 26 жасыма толған күнімді жазған екенмін архивті ақтарып қарасам. Тап осындай қызылды жасылды үлкен букет, тап осындай мәзбін)))


28 деген 26-ға қарағанда қорқыныштылау болса да, көңіл деген сол қалпы))) Ақыл қосып, парасатты болып кетем деп ойлайтын едім кезінде, қырыққа келсем де осы бір қалпымда жүретін секілдімін ғой))

Осы жасқа келіп не бітірдім? Айтарлықтай жетістігім де жоқ. Көптің бірімін. Біреуден артық, біреуден кем өмір сүріп келемін. Көп мақсатқа қол жетті, тағы соншамасына жету үшін еңбектену керек. Ертеңгі күнім не боларын білмеймін, сол себеп осы күнімен шүкіршілік білдіріп, осы күніммен өмір сүргенді құп санап жүрмін.

Жас мінген сайын у-шудан алыстап, өзіңмен өзің болғанды қалайтын болыппын. Актив демалыстардан пассивке көштім. Көпшілдігім азайып, жеке дара қалған күндерім көбірек болып барады.

Ұрыс-керіске, дау-дамайға шыдай алмайды екенмін. Біреуге бір нәрсені түсіндіріп, дәлелдеуден безіп, әркімге өз пікірі артық деп полемикаға түспеймін.

Осы жылы екі әлеуметтік желідегі парақшамды жойып мәзбін. 

Бұрын көп сөйлейтін едім, жаңа адамдармен танысқанды жақсы көретін едім, пікір таластырып, диалогтар құрғанды ұнататын едім, қазір "мейлі,солай-ақ болсын" деп өз соқпағыммен кетіп барамын.

Баяғы Айжан ақырындап жаңа Айжанға түрленіп жатқандай))) 

Қайда апарады екен мұның бәрі? Алла көрсетер.



Бөлісу: