Бір сәттік үлкен оқиға

Бір сәттік үлкен оқиға
жеке
блог

 

  Суретті тірілте білу, табиғатты қимылсыз дүние арқылы сөйлете алу оңай жұмыс емес. Бір қарағанда мағынасыз, қызықсыз болып көрінетін фотограф мамандығының жұмысы қаншалықты ауыр екенін шынында осы жұмыспен бетпе-бет келгенде ғана түсінесін. Себебі бүкіл оқиғаны баяндайтын, көп нәрсені айта алатын, ең бастысы көпке қызық болатын сурет түсіру қиынның қиыны. Ал егер сіздің суретте бұл белгілер байқалмаса жұмысыңыз болмашы, ешкім қажет етпейтін дүниеге айналады. Кез-келген кадр сәтті шығу үшін аянбай тер төгуіне тура келеді. Себебі сен бір ғана мезетті түсіру арқылы қас қағым сәтте қалың көрерменге үлкен оқиғаны баяндайсын.