Махаббаттың ең бағалы кездері

Махаббаттың ең бағалы кездері
жеке
блог

 

Махаббат деген ұлы сезім. Талайларды жылатқан да, жұбатқан да кейде, тіпті, жырлатқан да осы бір түсініксіз сезім. Ұзақ жылдар арқасында сыналатын, шыңдалатын, беріктігін арттыратын ғажап дүние ең алғаш кездескендегі бір-ақ сәттің жемісі екенін түсінген абзал. Алмаз секілді жылдар арқасында бағасын арттыратын бұл сөздің қасиеттілігі бір сәттік көзқарастан, бір мезеттік кездесуден туатын дүние. Мейлі кәрі болсын, мейлі жас болсын олардың махаббатының өлшеусіз қымбат кездері сол кездескен, көздері түйіскен секундтарында, ең алғашқы өлшеуге келмейтін уақыттарында.