Ұяны бұзарлық «қабілеті» бар ұялы телефон

    Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Тіпті  керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

    Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ,осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар дабаршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

    Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақытөткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразыдерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді,кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңілбөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

    Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент, уатсап, вк т.б. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, уатсап, агент, вка т.б дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы   уатсап, агент, вка т.б отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе,титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.

   Телефонсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткеніміз өтірік емес. Ұялытелефонның пайдасы да бар, зияны да бар. Бірақ пайдалы жағы басымырақ. Телефонның көмегімен көп нәрсеге қол еткізуге болады. Ал зиянды жағына келсек: телефон адам энергиясының 50% өзіне тартады. Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе.

    Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар дейді. Оны дененің кез-келген жеріне тағуға болмайды екен.Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зияндыдейді. Тіпті, Ресей жақта бір қыз бала ұялы телефонның зиянды әсерінен мидың қайтыс болыпты. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің.

   Ұяны бұзарлық «қабілеті» барұялы телефонды бүгінгі балалар неге жанынан тастамайтын болды? Тіпті ұйқыға жатарда да не себепті қасына алып жатады? Не себепті ұялы телефоны үйде қалып қойса, қимасынан айрылғандай әсерде болады?

 Рас, бұл тақырып турасында айтылып жатқан әңгіменің шет-шегін табу қиын.Пайдасын әркім-ақ біледі.Зияны бастан асады.



Бөлісу: