Гиппократқа ант бердіңіз ғой..

Гиппократқа ант бердіңіз ғой..
жеке
блог

 Депутат Сағынбек Тұрсыновтың Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке: "Соңғы үш жылдықта еліміздегі медициналық  көмек көрсетуге байланысты шағымдар 6 есеге жоғарылады және оның 70% орынды" деген болатын.

 

Расын айтуымыз керек, көптеген адамдар министрліктің өзіне шағымдана бермейді. Өйткені жағдайдың жақсаратынына, қателік жіберген дәрігерлердің жауапқа тартылатынына халық сенуден қалды. Осы жайды да бір шолып шыққан депутат қазіргі уақытта диагнозды дәл қою деген арманға айналып бара жатқанын, он дәрігер он түрлі диагноз қойып ауру адамды әуре- сарсаңға салатынын, кей ақ халаттылардың диагноз анықталмай жатып әсері күшті дәрілер беру арқылы күрделі оталарға жол беретінін ашына әңгімеледі. Депутат қозғаған келеңсіз мәселелердің қоғамда жиілеп кеткені жасырын емес. Соның салдары-нан адам өліміне жол беріліп жатқаны да нақты фактілермен бірнеше рет анықталды. Оны айтасыз, әлі күнге нәресте мен ана өлімі жоғары елімізде. Мәселен, 2003 жылы 100 000 адамға шаққанда шығын саны 42,1 адамды құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 46,8 адамға жеткен. Одан бергі үш жылда еш өзгеріс болмағандықтан, бұл мәселе қиын қалпында қалып отыр.

«Қарағанды облысындағы алты жасар Диас Кенжебектің өлімі жөніндегі мәселе әлі жалғасуда. Мұндай жағдайлар Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында да орын алған болатын. Осы жылдың басында да Өскеменде медбикенің қателігінен Надежда Угарова деген әйел көз жұмды. Себеп, медбике мөлшерден артық дәрі салған, соның салдарынан әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Айта берсек аз емес. Алайда нәтижесін көрмей келеміз».

Естіген құлаққа, түсінген жүрекке бұдан артық не керек? Сөз сүйектен өтетіні рас болса, осы сауалдан кейін Үкімет ойланып, адам денсаулығы таразыға тартылған салаға қатты көңіл бөледі деп сенейік.