Бір феминистің айтқандары

Бір феминистің айтқандары
жеке
блог
Сәлем, достар! Сіздерден кешірім сұраймын. Естеріңізде болса Ардақ Құлтайдан ер мен әйел арасындағы айтыс жайында эстафета таяқшасын алған болатынмын. Белгілі-белгісіз себептермен ұзатып жібердім. Түсінгенім бойынша қарсы жыныстарға өз назымызды білдіру сияқты. Күлгін әлемнің тұрғындары атынан еркектер  жайында айтылған әзіл-шыны аралас сөздерді тауып алып, жариялап отырмын. Кеттік онда:

Еш тұрмысқа шықпадым. Өйткені оған қажеттілік сезінбедім. Үйімде бір еркектің орнын басар үш хайуаным бар. Таңертеңнен бастап ырылдайтын итім, түстен кейін боқтайтын бір тотықұсым және кешкісін үйге кеш келетін мысығым бар.

 
Бір еркекпен некелесу – витринада ұзақ уақыт бойы көзіңізге түскен бір затты сатып алғаның алу сияқты.  Қатты ұнатып қалдың, бірақ үйге келер-келмес үйдегі ешбір затыңмен үйлеспейтінін түсіндің.   (Жан Керр) 

 
Түсінігі мол, сыйлайтын бір ер адамды қалаймын. Бір миллионерден тек осыны ғана қаласам көп нәрсе ме?  (Жа Жа Габор)

 
Егер еркекке өзіңіз жайында ғана сөйлейтін болсаңыз, іш пыстырар әйел деп ойлайды. Өзгелер жайлы әңгімелейтін болсаңыз өсекші деп ойлайды, ал егер еркектің өзі жайлы әңгімелесер болсаңыз, дүниенің ең ақылды және  жағымды сұхбаттасушы әйел деп ойлайды.  Линда Саншайн

 
Не үшін бір еркекке психоанализ жасау, әйелге қарағанда әлдеқайда оңай? Себебі оларды балалық шаққа кері оралдыру еш уақытты алмайды. Онсыз да олар сол жерде.
Әрбір әйел: сымбатты, түсінігі мол, ақылды, жөні дұрыс бір күйеуінің болғанын қалайды. Өкінішке қарай, заң тек бір еркекке ғана үйленуге рұқсат береді.

 
Әйелдер бәрін кешіреді,бірақ ешқашан ұмытпайды.


Көшеде ешқашан таз һәм семіз әйелмен кетіп бара жатқан бір де бір еркекті көре алмассыз.


Ер орнына еркек қалды, көлеңкеден үркек қалды. (А.Байтұрсынұлы)

 

P.S: Коммунист ақша тапқанға дейін, феминист күйеу тапқанға дейін, атеист ұшақ құлағанға дейін.  Cool