Мен көрген кішкентай сыған.

  Құрбыммен кездесуге бармақшы болып аялдамаға келдім. Бұл көшеден бұрын-сонды қол жайып жүрген сығандарды көрмеуші едім.  Білмеймін не үшін, қатты ойға шомылып кетіп, қасыма келген кішкентай баланы аңғармай қалыппын. Біреудің етегімнен тартқанын сезіп, ойым бөлініп төмен қарадым.Қақ алдымда 5-6 жасар үсті-басы кір қожалақ, аяғында жазғы аяқ киім киген сыған баласы тұр екен. Тіпті бірнәрсе деп сығанша сөйлеп қояды. Өзім шошып кеттім, сасқанымнан қолымдағы жол ақыға дайындап тұрған тиынымды бере қойдым. Сыған баласы тағыда бірнәрсе деп сөйледі де, кете барды. Ол баланың әрмен қарай ісін бақылағандай орнымда қатып қалдым. Кішкентай сыған баласы тағыда бір жас қыздың етегін тартып қолын жайды,жас қыз оның бетіне сәл қарап тұрды да,  керісінше балаға  бас салды;
-не керек? (Балада үн жоқ)
-Қай жақта тұрасың? Үйің бар ма ? Мама-папаң бар ма?,-деді, әлгі бала қызға бірнәрселерді өзінің тілінде айтты да кете барды. Осы кезде “туууу сыған тілін білгенімде- ғой” деп қоямын ішімнен. 
 Осы кезде жолаушылар көлігі де келіп тоқтады.  Көлікке мініп, терезе жаққа  қарай орналастым. Көлік жүріп кетті . Екі көзім әлгі баланы іздеумен болды. Аялдамадан көп ұзамай тағыда бір сыған әйелін көрдім.


 Манағы кішкентай балаға самса беріп жатып  басынан сыйпады да , баланың қолындағы пластмассадан жасалған ыдыстағы тиынды алып бос ыдысты қайтарды . Осылайша  әлгі бала тағы да жұмысына көшті. Көлік ұзағанша терезеге барынша басымды жақындатып екеуіне қараумен болдым. Көлік алысқа жүріп кеткенімен, менің жан-дүнием сол жерде қалып қойғандай күй кешті. Санамда жауабы жоқ сан сұрақ.



Бөлісу: