Махаббат күні

Махаббат күні
жеке
блог

            Махаббат күні

Ол жылайды, жек көріп өзін өзі.

Тағдырынан болды ма, өзі мезі.

Жапырықтай жап-жасыл жан жүрегі

Тапталғандай табанда сезінеді.

 

Өмірді де шын сүйіп көріп еді.

Ол да өксітті,

                   Табылмай көңіл емі.

Жол іздейді,

                    Жол іздеп көміледі,

Өртке оранып жатқандай төңірегі.

 

Адамдардың барлығын жақсы көріп,

Ақ жүрегін айқара ашты келіп..,

Есігі жоқ ескі үйдей иесіз қалды

Қайран көңіл, кеткендей бақсыға еріп.

 

Ол жылайды қосылып қаз үніне,

Қайтқан қаздай қайғысы, назы міне,

Ол жылайды тағы да, айтатыны:

«Жауған қардай жанымның

                                   жазығы не?!.»