Сезім қалды...

Сезім қалды...
жеке
блог

Сезім қалды...

Күні-түні ұйықтамай көзім талды,
Ала кеттің мендегі, өзің, барды,
Жүзде күлкі, жүректе қуаныш жоқ,
Жалғыз ғана бітпеген сезім қалды.
Сен кеткенсің, келмейсің, оны білем,
(Біраз уақыт осылай өмір сүрем).
Жүрегімде жарылыс боп жатса да, 
Жасандылық көрсетіп, әрең күлем.