Сан қилы өмір

Сан қилы өмір
жеке
блог

 

«Ештеңе де мәңгілік емес»-әлемдегі ең қорқыныш ұялататын, әрі жаныңды жадырататын жалғыз сөздер тізбегі. Өмірі қиындыққа толған, тағдырынан көңілі қалған адамға демеу болатын, үміт сыйлайтын алтын сөздердің қатары. Ал егер бақыттан басы айналып, байлыққа кеңеліп, шаттыққа бөленіп жүрген адам болса жағдай мүлдем бөлек. Әдетте өмір жолдары осылай қалыптасқан адамдар бұл сөздерді еске де алғысы келмейді. Сондықтан ұмытып кететін жайлары бар. Бірақ адам қай қатарға жатса да осы сөздерді ұмытпауы міндет. Себебі ешкім ашық тұрған күннің алдын бұлт орап, құйын құйып кетпейтініне кепіл бола алмайды. Сәйкесінше, әрбір дауылдың, әрбір құйын жаңбырдың соңынан кемпірқосақ шығып күннің көзі күлімдейтінін де ұмытпаған жөн. Осы себепті адам өмірі аспандікімен егіз сыңайлы. Кейде қара бұлт басады, кейде ашық болып жарқырайды (күндіз, түнде), ал кейде бұлт та, күн де қатар тұрып әдемілігін жоғалтпайды. Сондықтан ештеңе де мәңгілік емес.