“Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз”

* Аты-жөнім Хамит Асылбек. 1998 жылы 5 ақпанда Арыс қаласында дүниеге келдім. Шымкенттегі №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 11-сыныбында оқимын. Көше спортымен айналысқаныма 4 жылдан асты.

* Ең алғаш белтемірге (турник) тартылудан бастадым. Кейіннен интернеттен видеолар көріп, трюктерді қайталауға тырыстым. 

* Қазір  белтемірге  40 рет тартылып, жүзге дейін серпіле аламын.

* Одан алдын дзюдо, каратэмен айналысқанмын. 

* Ата-анам мені спорттан емес, білімнің биігінен көргісі келеді. 

* Дзюдо, каратэден бұл спорт түріне кетуіме сабақ оқуға уақыттың болмауы себеп  болды. Ал бұл спортпен бос уақытта  айналысасың. Сосын тек тренажерлық залда емес, үйіңде, мектепте, спорт алаңдарында жаттығу жасай беруге  болады.

* Бұл спорттың басқа спортқа қарағанда қиындығы бұған тек қолдың күші ғана емес, бүкіл дененің күші қажет. Бір күнде меңгеріп кете алмайсың. Айлап, жылдап тер төгіледі. Трюктарға мән беріледі. 

* Күніне 1,5-2 сағаттан екі мезгіл жаттығу жасаймын.

* Бұл спорт өте қауіпті. Әсіресе акробат жағынан дайындалған кезде қол-аяғың ауырып қалады. 

* Әлеуметтік желілердегі парақшаларымда сурет, видеоларды жиі жариялап тұрамын. Кеңес сұрайтындар, кездесіп тәжірибе алмасқысы келетіндер көп. Мүмкіндігінше жүздесіп, білгеніммен бөлісуге тырысамын. Сондай-ақ, ауыл-ауылдарға барып насихаттаймыз. 

*XIII LEGION командасы 2011 жылы Шымкентте ашылған. Ұйымдастырушы: Александр Водолацкий.  Сол кісінің арқасында біз осындай жетістікке жетіп жүрміз. 

* Өкінішке қарай бұл спортпен айналысатын қазақ балалары аз. Біздегілердің көбісі бокс, күреске барады ғой.

* Басында мектепте өзім ғана жасайтынмын. Кейін басқа балалар да қызығып, қосыла бастады. Қазір санымыз көбейді. Бірге  дайындаламыз.  

* Болашақта әскери саланы немесе медицина мамандығын таңдағым келеді. 

* Алаңсыз жаттығу жасау үшін қаламызда спорт алаңқайлары көбірек салынса деймін. Саябақтарда орнатылған тренажерлық орындарда дайындала алмаймыз. Бізге арналған белтемірлер биік, және темірі жерге мығым қадалуы керек. 

* Қазақ балаларының бос жүргенін көргім келмейді. Спортпен айналысып, уақыттарын тиімді пайдаланса екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/D8Qp6Z0BtKA","width":"450","height":"350"});



Бөлісу: