Аптаның үздік блогы анықталды!

Аптаның үздік блогы анықталды!
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты өткен аптада блогшыларға арналған байқау жариялаған болатын. Байқаудың ережесіне сай аптаның үздік блогы анықталды!

Бұл аптада алпыстан астам блог жазылды. Жазылған блогтардың бәрі де байқауға қатыстырылды. Байқау ережесінде жеңімпаз блог пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады деп жазылған болатын. 
Аптаның үздік блогына төмендегі төрт блог үміткер атанды:

1. Айшок Балтахаева - "Екіліктің әлегі";

2. Жадыра Аққайыр - "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері";

3. Мақпал Сембай (Мамытбай) - "Күлкінішті";

4. Гүлзат Қостұрғанова - "Сезіне білу артығырақ";

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған және көп адам ұнатқан (LIKE) блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Нәтижесінде Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Жадыраны келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Massaget.kz ұжымы

Сурет: marathonec.ru