Егемен елім!

Тілейміз дұға, алаулап таңым атқалы:

Сөнбесін сәуле төгілген шаңырақтағы!

Түндікті елдің басынан түреміз деумен

Өз басын тіккен ұлтымның саңлақтары.

 

Ұзатып салып соқпаққа қайран ұлдарды,

Құс-қанат талған атырап – аймағым қалды.

Елдікке жеткен айқындап күрестің жолын,

Желбіре ашық аспанда байрағым мәңгі!

 

Тарихқа қарап, тамырда бұрқап қанымыз,

Бұрқаған қанмен жазылар жыр – тапқанымыз!

Зар-наланы тек оқитын кітаптан ғана

Тәуелсіздіктің бақытты ұрпақтарымыз!

 

Кең болсын деумен, қазағым, керегелерің,

Уыздай басым уыққа шегеленемін!

Дәуірлер кешкен азаптың өтемі болып,

Жасашы мәңгі жасампаз егемен елім!

 

 



Бөлісу: