Такси. Үрей. Шешім

Такси. Үрей. Шешім
жеке
блог

    "Алматыға келгелі ақшаның  көп бөлігі қайда кетіп жатыр дейсің ғой? Жо-оқ, тамаққа емес, жоғааа, киімге де емес,  Таксиге ! Сенесің бе? Тым "таксишіл" болып кеткендеймін.    Иәә,экономистпін ғой, дұрыс айтасың, үнемдеу керек, үнемдееу..." -  деп құрбыма , өзіме сөз бергенім есімде .

1-курста жап-жақын  , 2 аялдама , жаяу жүріп-ақ 10 минөтте жетер жердің өзіне таксилете-ее-еп жүретінімді қайтерсіз? "Осы  сенде ориентир деген атымен жоқ! Таңым бар саған, кеше ғана келген жерді қалай еске сақтамайсың иии?!" -деп сөгетін достарым мына алып шаһарда талай адасатынымды да болжамдаған.  Расымен де, шаруа шығып, бір жерге бару керек болса мазасызданыңқырап қалатыным рас, әдресін жазып алып, тек таксиге отыруды шығардым ғой ... 

Құрбымның таксиге отырып жатып "Мәшиненің нөмірін жазып ал" - дейтініне таңырқап, "Қызықсың -ей, ештеңе де болмайды, қайдағыны айтпашы" - деп түсініңкіре бермейтінмін. 

Бірақ... Бірақ.. Жағдай мына бір оқиғадан соң өзгерді...

"Енді таксиге тек шұғыл жағдайда және қолымда ауыр зат болғанда ғана отырамын" -деп әлдеқашан уәделескен кезім. Өз-өзіммен.  Алғашқы семестр аяқталып, үйдегілерге алған сыйлығым бар, басқа да заттарыммен жатақханадан шығып, бірінші вокзалға такси ұстап тұрмын.  Күн суық, қандай такси тоқтаса да отыруға дайын тұрмын.  Тоқтар емес. ҚазҰУ-лықтар жатақхана жақтан таксидің шілиии тоқтай бермейтінін біледі. Тұп-тура 10 минөттен соң бір мәшине тоқтады. 

- Бірінші вокзал, аға. 

-Отыр.

- Сегіз жүз.

- Артында заттар бар. Алдына отыр. 

Таксиге отырғанда қанша әңгімеге тартса да естімегендей болып отыра беретін әдетім бар еді. Бұл жолы да әлгі аға маған ұнаңқырамайтын бірдеңелерді  айтып отыр. 

- Жаурап қалдың ғой, иә, қарындас . Өлеңмен жылытайын ба,  пешті қосайын ба? - деп "біртүрлі"  әңгімесін бастады кеп. Мән бермегендей отыра бердім.

- "Сенің көзің түпсіз тереееең" .... Әндете бастады, "Саған арнаймын, қарындас" - дегендей тағы бірдеңені айтып келе жатыр. Қолынан неке жүзігін байқап, көңіліп орнына түскендей болған . Мәшинені қатты айдап келе жатқаны тағы бір алаңдатты.

- Жәй айдаңыз. Тым қатты жүріп келесіз.

- Жылдамдықты жақсы көремін, чо поделать...

- Темекі тартпаңызшы, аллергиям бар.

- Ой, ну и капризы... қазір екі көшеден кейін жетеміз, білесің бе?

-  Иә.

- ААААаай, қарындас. Білмейсің ғой. Көшелерді. Әлі 20 минөт жүреміз, 2 көше? Қайдаааа әлііі... Қазір рульді бұрып жіберемін де, айдалаға кетіп қаламын. Ал, сен ... Екі көшее, екі көшее дейді ғоой... Ха-ха !

Бұл сөздерінен кейін менің жағдайым айтпаса да белгілі, көз- алдыма неше түрлі нәрсе келіп, бір пәлеге тап болмай тұрғанда бір әрекет істеу керектігін сезіп отырмын..

- Ну, дебышка, қолдағы сақинаға қарап қоясың... Ылғи қыздар отырса шешіп қоятын едім, Қап -әй, а, именно сен отырғанда ұмытқаным... Әйтпесе...   Ә, бірақ, не проблема. Сақина шешілді. Ұсқынсыз көзі тесіп бара жатқандай.. Құдды бір ең жауыз, ең зұлым адаммен қатар отырғандаймын. 

- Туф, әдемісін ай... Ерніңнің...

- Тоқта! Тоқтат машинаны. 

- Қооой. Біз әлі бірааааааз жүреміз. Асықпа, қайда асығасың.

- РУВД- дағы ағама звондасам мәшинеңмен қоса құртады. Тоқта деймін! (Ойыма келгені сол болды)

- ӨӨй, тыпыршымааа, қарындас... айттым ғой, әлі үзаааақ жүреміз, тыныыыш... тыныштаааал..  Екеуміііз... Мен және сенн.. Ұзақ жүреміз...

- Алло... Алло, Дастан аға, таксидемін. местоположениені анықтаңыз.... ("Өтірік"  телефон шалып тұрғанда, біреу звондап, дауысы шығып қалмаса екен деп тілеп тұрдым)   Не  істерімді білмей, сасқанымды түсінемін. Бірақ сол уақытта мен ана зұлымнан құтылу үшін  кез-келген нәрсені атйып, батыл болуым керектігін ұққанмын.

Мына сөзден соң  кішкене түрі бұзылғанымен, мәшине тоқтамады.  

Соңғы мүмкіндік осы болар деп, жүріп бара жатқан мәшиненің есігін ашып жіберуге талпындым. Жан-жақта мәшине де, адам да көп болған соң сескенді ме, маған көзін алартып тұрып қалды.

-Мәшинені тоқтатпасаң, секіріп кетемін. Айналаңа қара! Қанша адам , мәшине бар!

- Истеричка! Керегің жоқ маған бір тиын!  Жап есікті! 

Анадай жерге барып тоқтады. Заттарымды құшақтап жүгіріп шықтым. Мәшинеден шығып қалмаса екен деп әрі қарай жүгіре жөнелдім. Ол кетті..

Демімді басып, көшедегілерден "Бұл қай жер?" - деп сұраумен болдым.  Үнемі шығарып салып, адасып жүргенімде де талай жеткізіп салатын досым сол жолы менен ерте шығып кетіп, үйіне жетіп қойған.  Телефон соғып, оқиғаны айтуға уақыт тапшы болған соң тек "Мына жерде тұрмын. Алматы-1 ге бару керек. Елу минуттан  соң жүреді. Пойыз. Не істеймін?" - деуге ғана шамам жетті.   Досының жеткізіп салатынын  ,сол жерде күтіп тұруым керектігін айтты.

Бір пәледен құтылғандай болдым.

"Енді таксиге отырмаспын! Сұмдық-ай. Қорқынышты!" - деп үйге жеткенше өзіме ұрысумен, кінәлаумен келдім.

Сол жағдайдан соң отырып алып Алматының картасын ұстап, көшелерді жаттап, менен кеткен   қателікті жоюға тырыстым. Және сол жағдайдан соң біраз нәрсені түйдім. Түсіндім.

  1. Таксиді жолдан ұстамай, арнайы шақыру қызметін қолдану.
  2. Алыс жерге шұғыл жету керек болса, алдына емес, артқы орынға жайғасып, бағытты дұрыс білетініңді көрсетіп, сенімді болып отыру
  3. Сені сонда біреудің күтіп тұрғанын қоңырау шалып, айтып, білдіру

Әлгі құрбымның әдісі де дұрыс сияқты. Оған қоса, қазір, таксиге отырып, рульдегі адам "артық сөз " айтса болды, жайлап телефонымды алып, "Аға, мен қара БМВ-ға отырдым, нөмірін Айдана жазып алды, сол жерде тұра беріңіз, он минөттен соң жетемін"    дегендей  есеп беріп, сақтанамын. 

Әрине, күнкөріс қамымен жүрген , жөні түзу таксистер көп қой, бірақ сол жағдайдан соң автобуспен, жаяу жүргенді жөн көремін. Тым құрығанда такси шақыртып,  алаңдамай жетіп аламын.

Сіздің де басыңыздан өтті ма екен  осыған ұқсас жағдай ?! ...