Жаңа үлгідегі-аттың тағасы

Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
жеке
блог

Жаңа үлгідегі-аттың тағасы

Арғымақтың аяғы,
Айдай таға қағылса,
Кілегей мұздан таяр ма.
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Таға — көлік малының тұяғының тозбауы және табаны таймауы үшін тұяғына қағылатын темірдің жалпақ бөлігінен жасалған құрал. Таға аттың тұяғына лайықталып екі түрде жасалады — емшекті таға қыста, жалпақ таға жазда қағылады. Тағамен бізде негізінен атты тағалайды. Тарих зертеушілеріне қарағанда аттың тағасының шығу тарихы алғаш рет үшінші ғасырда пайда болған деседі. Алғаш таға пайда болған сәттен бастап 1700 жыл өтседе тағаның негізгі нұсқасы айтарлықтай өзгермеген деседі. 
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Қазақ сейсенбі күнді ат тағалауға сәтсіз күн дейді. Сәтті күндер ретінде дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндерді таңдайды. Осы күндердің дәл түс кезінде тағалағанды жөн көреді. Тағалайтын күні атты суаруға болмайды. Себебі ат тұяғы шеге қаққанда жарылып кетуі мүмкін. Ат аяғын жаңа соғылған немесе бұрын пайдаланылған тағамен де тағалай берген. Ат тағалау үшін ең алдымен аттың тұрасының табаны кедір-бұдыр болса жонып, егер маймақ немесе қаратұяқ өскен болса, жылқының тұяғын шотпен шауып тегістейді. Ал табанның жүрекшесі кесілген болса, тұяғының астына жұмсақ зат салуға да болады. Егер тағаның тесігі сыртына қарай қиғаш бітсе, онда шеге тұяқтың тұрасын тесіп кететіндіктен ол тағалауға жарамсыз деп есептелінеді. Тағаның шегесі сәл имектеу келеді. Сол имек жағын ішіне қаратып қағылады. Шеге дұрыс қағылмаса жарақаттап, ат сүріншек болады.
Егер атты жығып тағаласа, алдымен астыңғы екі аяғынан бастаған қолайлы. Алайда, артқы аяғынан бастап тағалайды. Шеге қағудың да өз тәртібі бар: әуелі тағаның маңдай шегесін, онан соң шеткі екі шегсесін, ең соңында ортасындағы шегені қағады.
Тағалап тұрғызған соң ат денесімен сілкінсе онда тағалаудың баянды болғаны. Содан кейін атты біраз жерге жетектеп жүргізеді. Егер ат аяқтарын ауырсынбай бүгежектемей нық басып жүрсе, оның дұрыс тағаланғаны деп есептеледі. Ат тағалаған кезде тұяқтың тұрасына шегенің тиген-тимегенін жіті бақыламаса, кейін тұрасы іріңдеп ат ақсап қалуы мүмкін. Ондайда шегені суырып, тесікке сақар деп аталатын қара сабын дайындайтын шикізат енгізсе, іріңді айдап шығады.(ақпарат el.kz сайтынан алынды)
Иә, бұл қазақ шеберлерінің мықтылығы, білермендігі.
Енді осы аттың тағасы заманауи үлгіде болса ше? Қайдан? Қалай жасалғаны туралы ақпарат біле алмасамда, мына жаңа таға ұнады. Бір қарағанда сапасы нашарлаума қалай? Пластмастан жасағанба? Қарап көріңізші.
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Аттың аяқ киімі ме деп қалады екенсің?!
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Қалай ойлайсыз? Аттың жүрісіне кедергі келтіруі мүмкінбе?
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы
Блог - KhanagatNurbol: Жаңа үлгідегі-аттың тағасы