Өзім жайлы 30 факт

Өзім жайлы 30 факт
жеке
блог

Ардақ ағаға кезек бергеніне рақмет. Қолым босамай, күттіріп жазып отырғаныма ғафу өтінемін. Негізі бұл эстафеты шынымен қызықты екен. Мен өзі қандаймын деп өзім жайлы 30 факті іздетіп, шашымның астын бір қайнатып берді. Сөзді көбейтпей өзім жайлы 30 фактіні бастап жіберейін:

1. Алғашқы блогымда мойындағанымдай, қиялилау адаммын. Ояу кезімде басыма түсімде кірмейтін ойлар кіреді,

2. Жаңатас қаласында туылып, Алматыда өскенмін. Қаратауда туылдым, Алатауда өстім, Енді Ақтауды көрсем деп жүрмін )))

3. Мақтаншақпын. Шыны керек, көп мақтанамын. Осы әдетімнен арыла алмай қойдым.

4. Туылғанымнан кейін 20 күн өте сала ауруханаға түскен екенмін, бір жыл аурухананың «постоянный клиенті» болыппын. Анамның айтуы бойынша бір жыл тоқтаусыз жылаған екенмін. Ақыр аяғында дауысым скрипканың дауысындай болып қалыппын.

5. Жақсы көретін тамағым: бәрі және көбірек

6. Өзімді өнердің барлық жағынан іздеп көргенін, сурет салдым, реп оқыдым, биледім, КВН ойнадым, жаздым, компьютер шаштым...

7. Оқу орынымды «көз жұмып» таңдадым. (11-сыныпты енді бітірген кезде маған бәрібір сияқты көрінді)

8. Қырсықпын

9. Бірнеше рет болатын оқиғаларды алдын-ала түсімде көргенмін.

10. Қолымнан келетін нәрсе көп, бірақ жалқау адаммын. Келіп тұрған нәрсені келмейді дей салып жата беретінім бар. Бірақ кейде «3-пункттегім» ұстап, керісінше де айтып қойып, сау басқа сақина тілеп аламын)))

11. Қыздардың барлығы әдемі, тек Ретрикада дұрыс ракурс таңдамайды деп санаймын)))

12. Ашуланшақпын. Өте.

13. 3 Медициналық картам бар. Ауруханаларда көп болғанмын. Екі рет көлік қаққан, тағысын тағы. Кейбір достарым «каскадер» деп атайды. Мақтанатын нәрсені тауыпты демеңіз, мақтну емес. Факті ғой жәй))

14. Көлік айдаудан қорықамын

15. Біреулер әкеңе ұқсайсың, анаңа мүлдем келмейсің дейді. Ал кейбіреулер Ақылжан ағаңа ұқсайсың дейді, ал оған мамаңа ұқсайсың дейді. Мен сонда әкеме ұқсаймын ба, анама ма, соны түсінбеймін.

16. Әзілге жақынмын. Кейде ойша біраз әзілдер ойлап өзімнен өзім күліп жүремін. Анам сол үшін ұрысады.

17. Мектепте де, университетімде де сабағымды қатырып оқыған емеспін, бірақ бағаларым дұрыс болатын.

18. Есте сақтау қабілетім тым дегенде тым нашар (Ардақ ағаның есте сақтау қабілеті менен жақсы шығар) Кейде біреу былай деді деп айтып кейін басқа біреу айтты қылып алатыным бар. Бұным үшін де анам ұрысады))

19. Үйдің кенжесімін. Үш ұл. Сондықтан үйде қыздың рөлін мен атқарамын. (үй жинау, пол жуу тағысын тағы)

20. Достарым музыкалық вкусың жоқ дейді, бірде рок, бірде реп, бірде басқа тыңдап жүре беремін

21. Бала кезімде (мектепке де бармаған кезім) жолдың арғы бетінде компьютер клубы болатын. Бірақ әке-шешем жолдан өтпесін деп ақша бермейтін. Соның өзінде қайтпай, достарымды жинап алып, кірпіш өткізіп ақша тапқан екенмін)))

22. Осы жерге келгенде «ойбу, әлі 8 факт жазуым керек па» деп ойладым)))

23. Ойыншық мәшінкелер жақсы көремін. Кейде дүкен аралап жүргенде ойыншық сататын жерге кірсек Жадыра алып шыға алмайтын кездер болып тұрады.

24. Тирға азартым бар. Бір рет тир атуға шығып, үйге жаяу қайтқанмын. Содан кейін өзімді ұстауға тырысамын.

25. Бала кезімде асықпен допқа қарағанда компьютермен көбірек дос болдым.

26. Бес уақыт намаз оқимын, бірақ (күнніге десек болады) қаза қылып ала беремін.

27. Ай сияқтымын. Өз-өзіме қарасам әдемі көрінемін, суретке түсірсем онша емес)))

28. Кішкентай бала сияқты көрінемін. Кейде үйге қонақ келгенде «нешінші сынып оқитынымды» сұрайды))

29. Ауылда тұрғым келеді.

30. Аллаһқа шүкір, менде бәрі бар. Әке-шешем, ағаларым, болашақ балаларымның анасы, достарым...

Осымен өзім жайлы 30 фактіні аяқтадым. Эстафетаны (барлық жерде таныс, тамыр деп бір күліп алыңыздар) Жадыра Аққайырға беремін.